10 ана қуанышқа кенелді. №4 перинаталдық орталығында “Сәби-шаңырақ шаттығы” акциясы өтті. Шара барысында аналарға алғыс хат пен сый сыйапаттар табысталды. Жылына Мегаполисте 20 мыңнан аса нәресте дүниеге келеді. Әкімдік қолға алған игі шара Отбасы күніне орайластырылған. Мереке қарсаңында орталықта 10 нәресте өмірге келген. Ал Қаратау ауданы бойынша жылын 4, 5 мың бала өмірге келеді екен.
Ана – адамды өмірге әкелетін қасиетті жан. Баласы үшін өзінің қуанышы мен тыныштығын, денсаулығы мен әдемілігін қашанда құрбан етуге дайын абзал жан. Баласы үшін тас емшегін жібітіп, тар жатырын кеңіткен ананың орнын адамзат баласы қашанда жоғары бағалаған. Бесінші құрсағын көтерген Рабиға Түймебайқызы Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана. Бақыт есігінен еңкейіп кіріп отбасы қуанышы еселеніп, қызды болды. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы – аналар.
https://youtu.be/rIPkflFbBaA?feature=shared толығырақ «Айғақ» тв ютуб каналынан