Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл! Осы тұста Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми- әмбебап кітапханасында әдеби кеш өтті. Шарада көрнекті жаузшы, елден ерек драматургиясымен ел есінде қалған тұлғаны еске алып, шығармалары жастарға дәріптелді.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл. Ол филология факультетінің екінші курсында оқып жүргенде, ел басына екіталай күн туғызған сұрапыл соғыс албырт, арманшыл жастың намысын оятып, қан майданға өзі сұранып аттанады. Сұрапылмен бетпе-бет келіп, өмір мен өлімнің арасында от кешіп жүрген жалынды жауынгердің алғашқы әсерлері, ой-толғаныстары өлең, очерктер арқауына айналып, майдан газеттерінде жариялана бастайды. Ахтановтың шығармаларынан сыр шертіп, бала күнгі оқыған әңгімесін есіне алған Асхан Майлыбаева бүгінгі шараның жастарға берері мол деп отыр. Ұрпаққа таудай болған тұлғаны тереңірек таныстыру, тарихтың бір парағын өрнектеп жазғанмен тең дейді- Асхан Майлыбаева.
Шараның басты мақсаты бүкіл болмыс бітімі, өмірін өз ұлтының жастарына, болашағына арнаған тарихшы- жазушы тұлғанның өмірін бүгінгі ұрпаққа үлгі етту.