Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов сондай-ақ, жылыту маусымына дайындықты тексерді. Қала әкімі де комиссия құрамымен бірге жүріп, арнайы бақылау жүргізуге қатысты. Аралау барысында «3-Энергоорталық», № 3 аудандық қазандық және әкімшілік іскерлік орталығының 160 ГКАЛ қазандығының дайындық жұмыстары тексерілді.
«3-Энергоорталық» Акционерлік қоғамының қысқы маусымға дайындығы толық атқарылған. Ал қуаттылығы 60 Гкал № 3 аудандық қазандығының да жылу маусымына дайындығы аяқталған. Бұл қазандық 219 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Әкімшілік іскерлік орталығындағы 160 ГКАЛ қазандығы 123 көпқабатты тұрғын үйге жылу береді. Бүгінде қысқы маусымға дайын. Қаладағы 2 076 көпқабатты тұрғын үй мен 464 бюджеттік мекемедегі дайындық жұмыстары аяқталған. Осы орайда қала басшысы жауаптыларға жылыту маусымы кезінде мәселе болмауын тапсырды.