Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мегаполистің 2035 жылға дейінгі электр жүйесін дамытудың кешенді жоспарымен танысты. Қала әкімімен бірге “Бозарық” қосалқы станциясына барып, жарықпен қамту жұмыстарымен танысты.
Шаһардың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы іске қосылған станцияның қуаттылығы 160 МВт кВ құрайды. Бүгінде қосалқы станцияның жүктемесі 47 МВт-қа жеткен. Нысан “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында. Осыдан бірер ай бұрын жұмыс істеп тұрған 2 автотрансформатордың біреуінде ақау пайда болып, істен шыққан болатын. Техника серіктестік көмегімен қайта қалпына келтіріліп, жуырда іске қосылды.