Шымкентте керамогранит зауыты салынуда. Ірі нысанды тұрғызып жатқан шетелдік инвесторлармен қала әкімі кездесті. Инвестициялық жоба Орта Азия елдерін сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы 32 гектар аумақта салынып жатқан кәсіпорын ғимаратының құрылысы 30 %-ға аяқталып отыр. Компания құрылтайшылары қала басшысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу, электр және сумен жабдықтауға қатысты өзекті мәселелерді жеткізді. Ғабит Сыздықбеков жұмыс барысында қажетті қолдауды көрсететінін, зауыт іске қосылған уақытта жергілікті халықтың жұмысқа тартылуы маңызды екенін айтты. Жобаға сәйкес зауыт қуаттылығына сай бірінші және екінші сатысында жылына 12 770 мың шаршы метр керамогранит өндіреді. Аталған екі кезеңінде 700 адамды жұмыспен қамтиды. Жобаның алғашқы кезеңі келесі жылы, екіншісі 2025 жылы жүзеге асырылады.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...










