Шымкентте «Жасыл ел» жобасы басталды. Еңбек жасағы қатарына 1,5 мың азаматты қосу арқылы қаланы абаттандыру, қоғамдық шараларға тарту, сондай-ақ, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайтуды көздейді. Маусымдық жобаның салтанатты ашылуына білім ордаларының студенттері қатысып, ережесі және ерекшелігімен танысты.
Жасыл ел – еңбек жасағының жаңа маусымы ашылды. Жалпыұлттық жоба 2005 жылдан бері маусымға сай жұмыс істеп, қатарына жас белсенділерді топтастырып келеді. Аталған жобаны жастар арасындағы ең танымал бағдарламалардың бірі десек болады. Бағдарлама аясында жас қазақстандықтар қалаларды көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады. Іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, жастарды жаңа маусымның ашылуымен құттықтады.
Жобаға 18 бен 35 жас арасындағы азаматтар қатыса алады. Ағымдағы жылға 1500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Айлық жалақысы 50 000 теңгені құрайды. Жобаның ашылуына қаладағы 8 оқу ордасының студенттері қатысты. тарту көзделіп отыр.