• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ж.Түймебаев: Тапсырмалар тиянақты түрде орындалуы керек

05.01.2017
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс болып өтті. Күн тәртібінде 2016 жылғы құжат айналымы мен ондағы тапсырмалардың орындалу мәселесі талқыланды. Бұл жөнінде облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов баяндама жасады.

Өткен 2016 жылы облыс әкімдігіне жоғарғы тұрған органдардан жалпы 8477 құжат түсіп, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 114 құжатқа кеміген. Сонымен бірге, келіп түскен құжаттардың 5644-і бақылауға алынып, 2015 жылмен салыстырғанда 2373 құжатқа артқан. Бақылауға алынған құжаттардың 5375-сі орындалса, қалған 269 құжат орындалу барысында екен.

Арыз-шағымдар бойынша арнайы тоқталған аппарат басшысы 2016 жылы облыс әкімдігіне 3896 өтініш келгенін айтты. Оның ішінде, жеке тұлғалардан 2973, заңды тұлғалардан 923 өтініш тіркелген. Бұл 2015 жылмен (4 060) салыстырғанда 164 өтінішке кемігендігін көрсетеді. Алайда бірқатар аудан, қалаларда тұрғындардың арыздану жәйттері өскен. Мәселен, Мақтарал ауданында арыз-шағым саны 59-ға артқан (24%), Сарыағашта 53 (24%), Созақ (42%) пен Сайрамда (22%) 33 арызға, Түркістанда 25 (15%) және Арыста 10 арызға артқан (13%).

«Жалпы әрбір басқарма басшысы, өзінің жетекшілік ететін сала бойынша жауапты тұлға болып табылады. Алайда, кейбір хаттамалық тапсырмалардың орындалмауы олардың жауапкершіліктерінің төмендігін, сонымен қатар, өз міндеттерін орындауға немқұрайлылық танытатындығын көрсетеді. Осыған орай, басқарма басшыларына хаттамалық тапсырмаларды орындауға 2 апта мерзім беремін», — деді Ж.Түймебаев.

Облыс әкімі мәжілісте қаңтар айында облыс әкімінің бас инспекторларына барлық аудан, қалаларға шығып жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін, сонымен қатар, жалпы орындаушылық тәртіпті тексеруді жүктеді. Сонымен қатар, әрбір аудан, қала әкімдері өз өңірлеріндегі проблемалардың тізбесін жасап аппаратқа ұсынуды тапсырды.

Бұл ретте, бірінші кезекте аппатты үйлердің тізбесін жасауды, пәтерлердің меншік иелерінің кооперативін ұйымдастыруды жүктеді.

Селекторлық отырыста облыс тұрғындарының қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау жайы да басты назарға алынды. Аталған мәселе жөнінде ойын білдірген Жансейіт Қансейітұлы аудан, қалаларды жаппай көгалдандыру шараларын қолға алып, Шымкент қаласындағы шатқалдарды демалыс орындарына айналдырып, бұл жұмыстардың биылғы жылдың қаңтар-наурыз аралығында жүзеге асырылуы тиістігін жеткізді. Бұл үшін «Шатқал» деп аталатын арнайы бағдарлама да қабылданды. Тың жобаның алғашқы жұмысы 7 қаңтар күні басталады. Үшінші мәселе ретінде, жаяу жүргіншілердің жолын (тротуар) қалпына келтіруді айтса, төртіншіден, көп қабатты үйлердің сыртқы келбетінің (фасад), шатырлардың және подъездердің жағдайына көңілі толмайтынын айтты. Сондай-ақ, негізгі көшелердің бойындағы жеке сектор үйлерінің сыртқы қоршауларының (забор) көркін сынға алып, біркелкі сыртқы қоршаулар салу, қауіпсіздік қоршауларын ұйымдастыру, аулаларды абаттандыру, ауылшаруашылық саласын дамыту мақсатында бірқатар бағыттарда жұмыс жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Ауыл шаруашылығы мәселесіне арнайы тоқталған өңір басшысы облыста 180 мың га жер пайдаланылмай бос жатса, оның 15 мың га-ға жуығы суармалы жер екенін алға тартты. Осыған байланысты, ауданның, қаланың ауылшаруашылық саласын дамытуды жоспарлауда өңірдің табиғи және климаттық ерекшелігі ескеру керектігін айтып, ауылшаруашылық саласының өнімділігін екі есеге арттыру міндетін бекітуді, саланы дамытуда міндетті түрде заманауи технологияларды және отандық ғылыми жетістіктерін пайдалануды жүктеді. Сонымен бірге, дайын өнімді шығарудан оны сатуға дейінгі процестерді қамтитын тиімді класстерді құруды айтып, жылыжайлардың көлемін ұлғайтуды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, суармалы жер көлемін ұлғайту мақсатында тоғандардың құрылысын жүргізу және қараусыз қалған каналдарды қалпына келтіру сынды бірқатар бағыттарда жұмыстарды жандандыруды нұсқады.

Облысымызға инвесторларды тарту, жергілікті тауарларды экспортқа шығару мәселесі өте төмендігіне алаңдаған аймақ басшысы өңірдің брендтік тауарын қалыптастыру керектігіне тоқталды. Бұдан бөлек, Оңтүстіктің туризм саласын дамыту бойынша сервистік қызмет үлгілерін стандартты деңгейге жеткізу қажеттігін тапсырды.

akim

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Айғақ медиа
06.02.2026
0

Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.