• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚЫТАЙДАҒЫ ҮШКҮНДІК МЕМЛЕКЕТТІК САПАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

20.05.2023
0

СИАНЬ. ҚазАқпарат – Үшкүндік мемлекеттік сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, ірі кәсіпорын басшыларының басын қосқан жиындарға, «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты.

Сауда-экономикалық байланыс

2022 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 30 жылдағы рекордты көрсеткішке жетіп, 31 млрд доллар болды. Енді оны 40 млрд долларға жеткізу жөнінде келісім жасалып отыр.

Екі тарап та 2030 жылға қарайн өзара сауда көлемін 100 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік бар екенін растап отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытайға 135 түрлі шикізат емес тауар экспортын өсіре алатынын айтты.

photo

Қытай біздегі экономикаға инвестиция салушы алпауыт экономикалардың алғашқы бестігіне кіреді. Салынған инвестициялардың жалпы көлемі 23 млрд доллардан асады. Қазақстан аумағында көрші елдің CNPC, CITIC, NFC, Sinopec, Huawei сияқты корпорациялары жұмыс істеп келеді.

Ал China International Capital Corporation (CICC) корпорациясы біздің елде филиалын ашпақшы.

Қазақстан Қытайдың ірі маркетплейстерін өз өнімдерінің экспортын өрістетуде кеңірек пайдалануды ұсынып отыр. Сол мақсатпен Қытайдағы ең үлкен JD.COM. платформасында ұлттық павильонын ашты.

photo

Фото: akorda.kz

Қазақстан екі ел шекарасындағы кеден қоймаларының санын арттыруға белсенді жұмыс істеп жатыр. Мұнда кез келген әріптес өз тауарын қоя алады. Соның арқасында Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы тауар тасымалына кететін уақытты еселеп қысқартуға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмысты С5+Сhina бірыңғай электронды сауда платформасын құру арқылы үйлесімді ете түсуді ұсынды.

Президенттің мемлекеттік сапары аясында өткен инвестициялық форумның қорытындысы бойынша 22 млрд доллардың бірнеше келісіміне қол қойылды.

photo

Фото: akorda.kz

Көлік -логистика инфрақұрылымы

Осыдан 10 жыл бұрын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астана қаласында «Бір белдеу – бір жол» мегажобасының тұжырымдамасын паш еткен еді. Қазақстан Еуропа мен Қытай арасын жалғайтын осынау жобаның ілгерілеуіне әрі қарай да атсалысуға құлықты. Соның аясында қазақ-қытай шекарасында ашылатын үшінші теміржол өткелі бұл бағыттағы әріптестіктің маңызды қадамы болмақ.

photo

Президент «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутының «Қытай – Орталық Азия – Еуропа» маршрутындағы негізгі бөліктердің бірі бола алатынын айтты. Қазақстан осы дәліздің тасымал мүмкіндігін цирфлық шешімдер мен инфрақұрылымды жаңғырту арқылы арттыруға ниетті.

Қазақстан Қытай тарабын Каспий теңізіндегі порттардың мүмкіндігін кеңейтуде, олардың қызметін цифрландыруда, сондай-ақ тасымалдаушы кемелерді бірлесіп өндіруде өзара тиімді әріптестікке шақырып отыр.

Тараптар үшін «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржолының әлеуетінің келешегі зор. Бұл магистраль Шығыс Азиядан Парсы шығанағына апаратын қысқа жолдардың бірін дамытудағы маңызды буын бола алады.

photo

Былтыр екі елдің арасында 23 млн тонна жүк теміржол арқылы тасымалданған. Биылғы бірінші тоқсанда жүк транзитінің көлемі 35% артып, 7 млн тоннадан асқан.

Қытайлық инвесторлармен бірлесіп сондағы Сиань қаласындағы құрғақ портта логистика орталығын салу туралы шешім қабылданды. Бұл хаб елдің солтүстік-батысындағы Шэньс провинциясын Қазақстанмен, өзге де Орталық Азия елдерімен байланыстырады.

Өнеркәсіп

Саммит барысында Орталық Азия елдерінің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, Қытаймен бірлескен ортақ өнеркәсіптік кооперация жоспарын әзірлеу ұсынылады. Біздің аймақ үшін машина жасау сияқты ғылым мен технологияны қажет ететін саланы дамытудың келешегі зор.

Қазақстан мен Қытай осы бағыттағы өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүдделі. Жеңіл және жүк автомобильдерін (JAC) өндіру жолға қойылып, электромобиль (JAC iEV7s, Yutong электробусы, Golden Dragon электробусы) шығару бағытындағы жобалар іске асырыла бастады.

photo

Фото: primeminister.kz

Қазақстанда Қытайда танымал автомобильдерді шағын тораппен құрастыратын өндірісті іске қосу туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ электрлі көліктерді қуаттайтын стансалардың инфрақұрылымын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Қытай брендтері қалыптасқан салаларда қытайлық ірі компаниялар Қазақстан аумағында автомобиль кластерлерін құруға шақыру алып отыр.

Мүнай -газ саласы

Мұнай экспортын ұлғайту аясында Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, күн тәртібінде Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырларының өткізу қабілетін арттыру мәселелері тұр. Сондай-ақ Шымкент Мұнай өңдеу зауытының өндірістік әлеуетін жылына 12 млн тоннаға дейін арттыру көзделген.

Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысы, сондай-ақ қуаттылығы жылына 4 миллиард текше метр болатын Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасы да тартымды.

photo

Фото: facebook.com/kazmunaygaspress

Ауыл шаруа шылығы

Қазақстан жыл сайын 5 млн тоннадан астам астық және 1,5 миллион тонна ұн экспорттайды. Қытайға 1 миллион тонна бидай жеткізу туралы келісім жасалды. Бұл көлемді әлі бірнеше есе арттыруға болатыны дай айтылды. Сонымен қатар кейінгі бес жылда Қазақстаннан Қытайға майлы дақылдар экспорты 3,5 есе, өсімдік майы 2 есе өскен.

photo

Қазақстан көрші елдерге агроөнеркәсіп кешені тауарларының экспорт көлемін ұлғайтуға және құрылымын әртараптандыруға мүдделі. «Қорғас» халықаралық сауда орталығының базасында бірлескен азық-түлік хабын құру ұсынылып отыр.

АӨК саласына цифрлық және жасыл технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де сөз болды. Бұл істе қытайлық әріптестердің тәжірибесі мен мүмкіндіктеріне сұраныс бар.

Трансшекаралық өзендер

Трансшекаралық су ресурстарын пайдалану ынтымақтастықтың басым бағыты болып қала бермек. Суды үнемдеу және суару бағытындағы тиімді цифрлық шешімдерді дәйекті түрде енгізу маңызды екені айтылды. Қытаймен бірлесіп су шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу бағдарламасын әзірлеу ұсынылып отыр.

Жасыл экономика

Президент Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізіп, жаңартылатын энергия көздерінің энергетикадағы үлесін 2030 жылға қарай 15% дейін арттыруды мақсат етіп қойғанын атап өтті. Жалпы осы салаға тартылған инвестицияларға жан-жақты қолдау көрсетілмек. Қазақстан электр энергиясын аукциондық мөлшерлеме бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге сатып алуға кепілдік береді. Бұл тариф жыл сайын инфляция мен валюта бағамының өзгеруіне қарай белгіленеді. Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық әріптестерін осы бағыттағы инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды.

photo

Қазақстан Президенті Тұрғысын өзенінде екінші және үшінші гидроэлектрстансаларын салу туралы келісімге қол қойылатынын мәлім етті. Сондай-ақ қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу туралы шарт жасалмақ. Қазақстан Президенті бұл уағдаластықтар Қазақстанда жасыл экономиканың дамуына жаңа серпін беретінін айтты.

Мәдениет, білім, тури зм

Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстар мен туристік ағындарды кеңейту үшін қос ел азаматтарын 30 күн мерзімге визалық талаптардан босату туралы маңызды келісім жасалды.

Топтық туристік сапарлар ұйымдастыру үшін визасыз режимі бар «Жібек жолы» туроператорларының тізімін құрып, бірыңғай туристік кластер қалыптастыру ұсынылып отыр. Бұл Қытайдан келетін туристерге бір тур барысында Орталық Азияның бірнеше еліне баруға мүмкіндік бермек.

photo

Шымкент пен Сиань қалалары, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясының арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнатылды. Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен білім саласын дамытып, Қазақстан мен Қытай жастары арасында байланыс орнату маңызды екеніне тоқталды. Бұл тұрғыда білікті кадрларды жүйелі даярлауға және адами капиталды дамытуға айрықша мән беріледі. Қазақстан қазір әлемнің жетекші техникалық университеттерінің филиалдарын ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отырғаны белгілі.

Өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық

Қазақстан тарабы Қытай Халық Республикасының өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесін жоғары бағалайды. Бейжіңнің бүкіл мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін жақтайтын тұрақты және берік ұстанымы, сондай-ақ олардың ішкі істеріне араласпау принциптерін берік ұстанатаны ерекше құрмет пен қолдауға лайық деген пікір айтылды.

photo

Қазақстан Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияға деген бейбіт пиғылын қолдайды. Қазақстан Бейжіңнің орнықты даму мен жалпыға бірдей қауіпсіздікке бағытталған бастамаларын өрістете беруге дайын. Сонымен қатар Қазақстан Украина дағдарысын шешу бағытында Қытай ұсынып отырған сындарлы ұстанымды жоғары бағалайды.

Ал Ауғанстанда халықаралық қауымдастықтың гуманитарлық дағдарыстың алдын алу жөніндегі күш-жігерін қолдай береді.

Қазақстан «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитін өткізуге дайын деген ұстаным айтылды. Оның мерзімі 2025 жыл деп межеленіп отыр.

Осылайша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдағы үш күндік мемлекеттік сапары аяқталды.

Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің қонақжайлық ілтипатынан басталған сапар «Орталық Азия — Қытай» бірінші саммитіне ұласып, кездесулер мен келіссөздер қорытындысында құны 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды.

ҚазАқпарат

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.