• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙ ТЕЛЕАРНАСЫНА БЕРГЕН СҰХБАТЫНАН

13.05.2023
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатынан үзінділер жариялайды.

– Әділдікті ту еткен Жаңа Қазақстан құрғыңыз келетінін талай рет айттыңыз. Өзіңіздің ел басқару философияңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз. Жалпы, Қазақстанды қай бағытта дамытқыңыз келеді?

– Мен елімнің Еуразия құрлығында жүріп жатқан үдерістердің ортасында болғанын қалаймын. Қазақстан әлемнің осы бөлігіндегі сауда жолдары мен халықаралық қатынастарды реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенімдімін. Сол себепті елімді экономикасы дамыған, озық елдердің қатарына қосу үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.

Қазақстан осындай сыртқы саясат ұстанса, табысқа жетеді. Бейбітшілікті жақтау, барлық елмен тиімді достық қатынаста болу біздің тарихи тағдырымызға жазылған. Ең алдымен, көршілес елдермен арадағы достығымызға баса мән береміз. Бұл ретте Қытай аса маңызды рөл атқарады.

– Енді әңгімемізді Қытай мен Қазақстан арасындағы қатынастар мәселесіне қарай бұрайық. Қарым-қатынастарды екі тарап та тұрақты әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік ретінде сипаттайды. Негізі, бұл – Қытайдың сыртқы саясатында ерекше жағдай. Осы терминнің қалыптасуына өз үлесіңізді қосқаныңызды білемін. Жалпы, Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатында Қытайдың орны қандай?

– Қытай біздің сыртқы саясатымызда аса маңызды рөл атқарады. 2019 жылы қыркүйек айында мен Қытайға мемлекеттік сапармен бардым. Біз ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен нәтижелі келіссөз жүргіздік. Халықтарымыздың ынтымақтастығын нығайту үшін екі жаққа да тиімді саясат жүргізу жөнінде уағдаластық. Демек, біз екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті, мәңгі достықты нығайта түсуіміз керек. Бұл қазақ халқының мүддесіне, нақтырақ айтқанда, ұзақмерзімді мүддесіне толық сай келеді. Мен осындай саясатты берік ұстануға ниеттімін. Жақын көршіміз – Қытаймен арадағы стратегиялық серіктестіктің маңызды екені сөзсіз.

– Қытай мен Орталық Азия елдері бір-бірімен жақындаса түсті деген пікірлер бар. Осыған байланысты не айтасыз? Осындай геосаяси тепе-теңдік жағдайында елдердің жақындай түсуіне алаңдаушылық білдірушілер де жоқ емес.

– Бұл жөнінде ешқандай күмәнді пікір болмауға тиіс. Себебі біздің ниетіміз – түзу әрі шынайы. Қытай экономикасы әлемде екінші орында тұр. Сондықтан Қытайдың атқаратын рөлі жоғары және сіздің еліңізбен жақсы қарым-қатынаста боламыз.

— Жалпы, екіжақты экономикалық қатынастарды алдағы уақытта қалай дамытқыңыз келеді?

– Экономикалық ынтымақтастық саласында керемет нәтижелерге қол жеткіздік. Бірақ біз алға қарай жылжуымыз керек. Сондықтан мен Қытай өркениетінің бесігі саналатын Сиань қаласына жасайтын алдағы сапарымнан үмітім мол. Бізге жаңа келісімдер, жаңа мәмілелер қажет. Себебі біз бір орында қалып, нәтиже күтіп отырмауымыз керек. Осынау күрделі әлемде экономикалық байланыстарымызды нығайтуға күш салуға тиіспіз. Мен екі ел жастарының ынтымақтастығы мен достық қарым-қатынасын дамытуға ниеттімін. Жас буын бірін-бірі жақсы білуі қажет.

– Былтыр қаңтар айында бейнебайланыс форматында Қытай және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саммиті өтті. Содан кейін ақпанда Орталық Азияның төрт мемлекетінің басшысымен бірге Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына қатыстыңыз. Биыл мамыр айында «Қытай – Орталық Азия» саммиті өтеді. Қытай мен Орталық Азия бір-біріне тек экономикалық жағынан ғана емес, стратегиялық тұрғыдан да жақындай түскенін байқайсыз ба? Нақтырақ айтқанда, сіз тұңғыш «Қытай – Орталық Азия» саммитінен не күтесіз?

– Сиань саммиті нәтижелі болады деп үміттенемін. Қытай біздің аймақта, яғни Орталық Азияда өте маңызды рөл атқарады. Бұлай болуы заңды да. Орталық Азия елдеріндегі әріптестерім Қытаймен арадағы қатынас бізге тиімді екеніне келіседі деп ойлаймын. Осы ынтымақтастықты ілгерілетуге біз де бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

– Тайвань туралы айтсақ, бұл – өзекті мәселе. Шын мәнінде, Сіз жақында территориялық тұтастықты сақтау барлық ел үшін маңызды екенін айттыңыз. Жалпы, Сіз бұл пікірді бірнеше рет қайталадыңыз. Таяуда Тайваньның тәуелсіздігін мойындау туралы идеяны теріске шығардыңыз. Осы мәселеге тоқталсаңыз….

– Жалпы, бүкіл әлем мына мәселені анық түсінуі керек деп санаймыз. Екі Қытай болмауы керек. Тайвань – Қытайдың бір бөлігі. Демек, БҰҰ Жарғысында бекітілген барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы туралы қағидат мүлтіксіз сақталуға тиіс. Бұл қағидат Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жарғысы мен декларациясына да енгізілді. Сондықтан тағы да қайталап айтамын, біз үшін Тайвань – Қытайдың бір бөлігі. Бұл анық. Оған ешқандай шүбә келтірмейміз.

– Жаһандық маңызы артып келе жатқан аймақтық ұйымдардың бірі – Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Биыл ШЫҰ-ға төрағалық міндетін Қазақстан қабылдап алады. Құбылмалы геосаяси кеңістікте ұйымның рөлін қалай бағалайсыз? Қазақстанның төрағалығы ұйымға не береді?

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы – келешегінен көп нәтиже күттіретін, өте ықпалды ұйым екенін дәлелдеді. Ұйым құрылған кезден бастап оған Қытай зор қолдау көрсетіп келеді. ШЫҰ өз қызметін 1996 жылы Шанхайда бастады. Қазақстанның Сыртқы істер министрі ретінде ұйымның жұмысын бастау рәсіміне қатыстым.

Яғни, Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне құрылған сәттен бастап атсалысқанымды мақтан тұтамын. Әрине, Қазақстан ұйымның келешек төрағасы және осы ұйымға мүше елдер саммитін ұйымдастырушы мемлекет ретінде ШЫҰ-ның әлеуетін арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Бұған дейін айтқанымдай, бұл ұйым – әлемде өте танымал әрі ықпалды.

ҚазАқпарат

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.