• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АТЫНА ҚАСИЕТТІ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТТАРЫ КЕЛІП ТҮСТІ

22.04.2023
0

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысына ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне үлкен жетістік тілеп, достас Қазақстан халқына бейбітшілік және одан әрі дами беруіне ниеттестік білдірді.

– Сізді және бүкіл Қазақстан халқын мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза айт мерекесімен құттықтап, шын жүректен ізгі тілектерімді жолдағаныма өте қуаныштымын. Біздің берік саяси ерік-жігеріміз бен бірлескен іс-әрекетіміздің арқасында елдеріміз арасындағы достық және тату көршілік байланыстар нығайып, тереңдей түсетінін ерекше ықыласпен атап өткім келеді, – деп жазылған Өзбекстан Президентінің жеделхатында.

🇰🇬 Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров өзінің құттықтау жеделхатында Ораза айт мерекесі бауырлас халықтарымызға татулық пен бақ-береке әкелетініне сенім білдірді.

– Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен достыққа, сондай-ақ стратегиялық серіктестікке негізделген көпжақты қатынастар бірлескен күш-жігеріміздің арқасында дәйекті түрде дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған Садыр Жапаровтың жеделхатында.

🇹🇯 Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа мықты денсаулық, бақыт және табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік, тұрақтылық тілеп, одан әрі орнықты дами беруіне ниеттестік білдірген.

– Осы берекелі мейрамның мызғымас дәстүрі мен тараптардың бірлескен күш-жігерінің негізінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен көпжақты өзара тиімді ынтымақтастық халықтарымыздың түпкі мүдделеріне сәйкес нығайып, мүлде жаңа әрі жоғары деңгейге көтеріле беретініне сенімдімін, – деп атап өткен Тәжікстан Президенті.

🇦🇿 Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев өзінің құттықтауында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық байланыстар мен ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді.

– Біз бауырлас әрі сенімді серіктесіміз Қазақстанмен одақтастық қатынастарды тереңдету жолында бірлескен күш-жігерімізді одан әрі табысты жалғастыруға ниеттіміз. Мен сіздің керемет еліңізге жақында жасаған сапарымды зор ықыласпен еске аламын. Осы айтулы мерекеде Сізге зор денсаулық, бақыт, Сіздің аса жауапты қызметіңізге табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

🇹🇲 Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына өзінің құттықтауы мен ізгі тілектерін жолдады.

– Ислам дінінің іргелі рухани құндылықтарына сүйене отырып, жақсылық, ізгілік, мейірімділік салтанат құратын бұл жарқын мереке бүкіл мұсылман үмбеті арасында өзара түсіністікті, ынтымақ пен бейбітшілікті нығайтуға ықпал ететініне кәміл сенемін, – деп жазды Түрікменстан Президенті.

Сонымен қатар Қазақстан Президентіне Иордания Королі II Абдалла, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Кувейт Әмірі Шейх Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер Ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббас, Кувейттің Тақ мұрагері Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер Ас-Сабах, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнис әл-Манфи, Татарстан Раисы Рустам Минниханов құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Ақорда кз

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.