• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ ИЗАБЕЛЬ ДЮМОНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

06.04.2023
0

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Арнаулы өкіл Изабель Дюмон Франция Президенті Эмманюэль Макронның хатын табыс етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Изабель Дюмонға ілтипат білдіре отырып, жолдаған игі сәлемі үшін Президент Эмманюэль Макронға алғыс айтты. Сондай-ақ Франция Қазақстанның Еуропадағы басты саяси және экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Кездесу барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға бағытталған екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

– Өткен жылы 29 қарашада Франция Президентімен өткен кездесуден үлкен әсер алдым. Біз 2 сағаттан астам уақыт бетпе-бет форматында екіжақты қатынастар мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде әңгімелестік. Сондай-ақ халықаралық аренада қалыптасқан ахуал туралы пікір алмастық. Франция – Қазақстанның жетекші саяси және экономикалық серіктестерінің бірі. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты, сіздің еліңіздің халықаралық аренадағы рөлін және Францияның экономикалық әлеуетін жоғары бағалаймыз. Сіздің еліңіз 2008 жылғы маусымда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің арасында бірінші болып Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойды. Биыл біз осы маңызды құжаттың он бес жылдығын атап өтеміз. Елдеріміз арасында барлық деңгейде белсенді және сенімді саяси диалог орнағанын тағы да атап өткім келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді. Оның айтуынша, Қазақстан – Францияның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. Мемлекет басшысы Президент Эмманюэль Макронға жүрекжарды сәлемін жолдады және оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

– Бұл сапар экономикалық және саяси ынтымақтастыққа тың серпін береді деп ойлаймын. Екі ел арасында іске асыруды қажет ететін көптеген уағдаластық бар. Қазақстанда француз капиталының үлесі бар 170 кәсіпорын жұмыс істейді және жетекші француз компаниялары қызмет етеді. Біздің экономикамыздағы француз компанияларының қызметіне жан жақты қолдау көрсетіледі, – деді Президент.

Өз кезегінде Изабель Дюмон Францияның Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, Франция Қазақстан Президентінің жүргізіп жатқан реформалар саясатын толық қолдайды. Франция Президентінің Арнаулы өкілі Қазақстанның әлемдегі қазіргі күрделі геосаяси жағдайға қатысты ұстанымына жоғары баға берді.

 

– Сізге Президентімнің сәлемін жеткізгім келеді. Былтыр қараша айының соңында Париждегі кездесуіңіз туралы оның өте жақсы пікірде екенін білемін. Бұл – біз үшін өте маңызды сәт және Сізден аймақта не болып жатқаны туралы көзқарасыңызды есту маңызды. Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін берді. Біз бұл ынтымақтастықты стратегиялық серіктестігіміз негізінде жалғастырғымыз келеді. Бұл біз үшін де өте маңызды, – деді Изабель Дюмон.

Сондай-ақ олар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Айғақ медиа
16.05.2026
0

Шымкент қаласының Полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір буын міндеті» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ардагерлер, құқық...

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Айғақ медиа
16.05.2026
0

Шымкентте 16 жасқа толған үздік оқушыларға алғашқы жеке куәліктері салтанатты түрде табысталды. Ерекше шара Полиция департаментінде өтіп, оған оқу мен...

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.05.2026
0

Абай ауданында 1644 үйдің құжаты жоқ. Кезінде бұл аумақтарға инженерлік инфрақұрылым желілері де тартылған. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, зерделеу...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ТҰРАН АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Осыдан шамамен бес ай бұрын Тұран ауданына қарасты Айкөл шағын ауданы сапалы ауызсумен толық қамтылды деген ақпарат жарияланған болатын. Алайда...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

9 мамыр – Ұлы Жеңіске 81 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.