• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 18, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚАРЫШТЫ ДАМУЫ

09.03.2023
0

Бүгінгі таңда елімізде төрт ауысыммен оқитын мектептер бар. Ал апатты мектептер жайлы айтпаса да белгілі. Еліміз бойынша мектепке мұқтаж оқушы саны 200 мыңнан асады. Қазіргі демографиялық жағдайды ескере отырып, бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай 1 млн-ға жетуі мүмкін деген болжам жасауға болады.

Ал Мемлекет басшысының жолдауында айтылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бүгінде табысты жүзеге асырылуда. Ұлттық жобаның шарапатын еліміздің үшінші мегаполисі де көруде. Мәселен, кейінгі үш жылда 81 мектептің ашылуы үш ауысымды және орын тығыздығы бар мектептер санын азайтты. Жол картасы аясында тағы да 80 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде 38  мыңға жуық оқушыны қамтитын 25 мектеп «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынады.  Сонымен қатар 30 орта білім беру мекемесіне кешенді жаңарту жүргізіледі.

«Қаламызда демографиялық және миграциялық өсімдерге сәйкес бала саны жыл сайын артуда. Осыған орай, 2029 жылға дейін қуаттылығы 87 950 орындық 80 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Сондықтан республикалық бюджетке ұсыныс берілді»,– деді қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Шымкент қаласына жасаған сапары барысында.

Еліміздің бас ұстазының сапарының маңызды тұсы Ғани Бейсембаев пен Мұрат Әйтенов өңірдегі білім беру жүйесін әрі қарай дамыту мен өзекті мәселелерді нақты шешуді көздейтін бірлескен құжатқа қол қоюы болды.

Мегаполис басшысының мәлімдеуінше қала әкімдігі мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс көлемін 24 200 орынға дейін арттыру, 26 мектепке дейінгі мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалардың материалдық-техникалық базасын 100% жаңартуды жоспарлап отыр. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту саласының 7000-нан астам  педагогі біліктілігін арттыру курстарынан, ал 1500-ден астам педагог қайта даярлаудан өтеді.

Әсіресе, білім беру мекемелерінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінді. Қазір қаладағы мемлекеттік мекемелердің бәрі бейнебақылау, дабыл түймелері, турникеттермен жабдықталған. Жол картасы аясында мектептерге қосымша 2,5 мың бейнебақылау жүйесін сатып алу жоспарланып отыр және балабақшаларда тағы 7000 бейнебақылау жүйесі орнатылады.

«Жол картасын аймақтардың бәріне арнап әзірлеу және қабылдау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласы басшылығы білім беру саласының дамуына айрықша көңіл бөліп отырғаны қуантады. Кешенді жұмыстар алдымызға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға және өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Жол картасында білім берудің барлық бағыты қамтылған, оның ішінде оқушылардың білім беру жүйесіне қол жеткізе алуын және олардың білім беру процесіне қатысымын арттыру да бар. Шымкентте ПМПК және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері жүйелерін кеңейту жоспарланып отыр,  арнайы педагогтер үшін жеті ресурстық орталық ашылады және психологиялық-педагогикалық көмек алу орындары бойынша мемлекеттік тапсырыс сегіз мыңға жуық орынға көбейтіледі», — деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Бірқатар іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс санын азайтуға, балаларды қорғау бойынша оқу-жаттығу және психологиялық кеңес беруге, сондай-ақ балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға арналған.

Шымкентте екі Оқушылар сарайы, үш Cауықтыру лагері және алты Өнер мектебі салынады. Жол картасының ауқымды бөлімі білім беру сапасын арттыруды көздейді. «Дана бала», «Shymkent Hub», «Сапалы білім», «Сандық мұғалім» түрлі жоспарлы төрт жобаны іске асыру жоспарланған.

Білім беру сапасын ұлттық және сыртқы бағалау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстар жалғаса береді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту сапасын бағалау талаптары енгізіледі. Қала мектептері жыл сайын оқушылардың білім алудағы жетістіктеріне мониторинг жүргізу мен  «PISA-based Test for Schools» халықаралық зерттеуіне қатысады.

Сонымен қатар Президент тапсырмасына орай, министрлік техникалық және кәсіби ақысыз білім берумен 100% қамту, колледждерде педагог мамандар дайындау бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту және кәсіпорындардың сұранысы бойынша мақсатты түрде мамандар әзірлеу жөнінде жұмыстар жүргізіп келеді. Жол картасы іске асырылатын уақыт аралығында Шымкентте төрт өкілеттілік орталығы ашылады және сегіз колледжге жөндеу жасалады. Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстары, арнайы оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің халықаралық тәжірибеден өтуі, ТжКБ басшылық құрамын менеджмент бойынша оқыту қарастырылған.

Жалпы Жол картасына Шымкент қаласының білім беру жүйесінің барлық бағытын дамыту шаралары енгізілген, олардың іске асырылуы балалардың жан-жақты және толыққанды дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Оңтүстіктен – Солтүстікке. Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы жалғасуда. Еліміздің оңтүстігінен тағы бір топ отбасы Солтүстік Қазақстан және...

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.