
Сирияда жойқын жер сілкіністерінен ең кемі 1782 адам қаза тауып, тағы 3749 адам жарақат алды.
Идлиб, Алеппо, Хама, Лазкие және Тартус аудандарында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша (Башар Асад режимінің бақылауында) Алеппо, Латакия, Хама және Тартуста 812 адам мерт болып, 1449 адам жараланды. Қираған үйлер көп.
Сирияның солтүстігіндегі оппозиция бақылауындағы аудандарда көптеген ғимараттар қирап, бүлінген.
Сирияның адам құқықтарын қорғау ұйымы (SNHR) және Сирияның азаматтық қорғаныс басқармасы Идлиб пен «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциялары аймағында кем дегенде 970 адам қаза тауып, 2,3 мыңнан астам адам жараланғанын хабарлайды.
Түркиядағы жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда, Ливанда, Кипр аралында және Иракта да тіркелді.
Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.
Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.
Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Соңғы мәлімет бойынша Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алды.
Фото: www.aa.com.tr
ҚазАқпарат