Парламент сенатының депутаттығына үміткерлердің нәтижесі бойынша:
Альбина Елшиева 4 дауыс
Нұрлан Бекназаров 23 дауыс
Бауыржан Әлтеев 3 дауыс жинады, деп хабарлайды «Айғақ» ақпараттық порталының тілшісі.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде Шымкентте үш үміткер тіркелген болатын. Олар «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы.
Екінші кандидат: 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы. Үшінші үміткер – қалалық мәслихаттың депутаты Елшиева Альбина Балғабайқызы.