• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ СТИПЕНДИЯСЫ ҰЛҒАЙТЫЛАДЫ

14.12.2022
0

Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігінде 7 іс-шара қарастырылған. Бұл іс-шаралардың қандай бағыттарда жүзеге асырылатыны туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Саясат Нұрбек айтып берді.

Озық қолданбалы ғылым бағыты бойынша ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жеке инвесторлар үшін бірлесіп қаржыландыру тетігін және қосымша салық және инвестициялық преференцияларды көздейтін ғылым мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы жоба әзірленді. Нәтижесінде 2029 жылға қарай коммерцияландыру жобаларын жеке қаржыландырудың үлесін 50%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Жыл сайын ғылымның 10 басым бағыты бойынша коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша конкурстар өткізілетін болады. Сонымен бірге «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының қаражаты шеңберінде ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды енгізу көзделген.

Келесі шара жетекші жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындардың жанынан мамандандырылған инжинирингтік орталықтар мен ғылыми-технологиялық парктер құруға қатысты болады.

«ЖОО инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін эндаумент-қорларды құрудың халықаралық практикасы кезең-кезеңімен енгізілуде. 2029 жылға қарай 20 академиялық шеберлік орталығы мен ғылыми-зерттеу хабын құру жоспарлануда», — деді С. Нұрбек.

Оның айтуынша, ғылыми-технологиялық жабдықтарды сатып алу және жаңа зертханалар құру бағдарламалы-нысаналы қаржыландырудың жаңартылған тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылады. Ғылым мен технологияларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін үндестіру үшін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заңның тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстары басталды. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінен жұмыс тобы құрылады.

Қолжетімді және  сапалы білім бағыты бойынша ЖОО студенттерінің стипендиясы 2 есеге ұлғайтылады. Стипендияны 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен арттыру қолданыстағы жол карта шеңберінде іске асырылатын болады. 2026-2030 жылдар аралығындағы жұмыс осы тапсырма шеңберінде жалғасын табады.

Барлық студенттерге білім алу үшін қажетті әлемдік цифрлық ресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Соның ішінде Coursera, «EdX» және т. б.

«Жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктері оларды білім беру бағдарламаларына енгізу үшін өзекті курстарды іріктеу бойынша талдау жүргізді.  Бұл курстарға академиялық кредиттер көзделеді», — деді ғылым және жоғары білім министрі.

Өткізілген жұмыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларына енгізу үшін өзекті курстар іріктелді. 654 Coursera курсы мен 650 білім беру бағдарламаларының тізімі жасалды және ол 1500 пәнге қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ «әлемдік цифрлық кітапханаларға» жазылу және «Coursera», «EdX» курстарын қазақ тіліне аудару жоспарлануда.

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін жатақханалар салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқарту және жатақханадағы бір орынға мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін, Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін ұлғайту арқылы қолданыстағы мемлекеттік-жеке әріптестік тетігін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жатақханалар салу үшін жеке құрылыс компанияларын тарту және мемлекеттік жоғары оқу орындарының жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегі шаралар пысықталатын болады. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі кампустар – ҚазҰЗУ қалашығы мен ЕҰЗУ қалашығын салу жоспарлануда.

Мемлекеттік тілді дамыту және қолданыс аясын кеңейту  үшін 2023-2028 жылдарға арналған тіл саясатын іске асыру жөніндегі тұжырымдама әзірленеді. ҚР Үкіметі жанынан мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құрылды.

«Өңірлік семинарлар, республикалық конкурстар өткізу және азаматтардың тілдік белгілері бойынша құқықтарына нұқсан келтіруге жол бермеуге қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деді Саясат Нұрбек.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.