• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ — А. АЙМАҒАМБЕТОВ

14.12.2022
0

Президенттің сайлауалды бағдарламасында балалардың әл-ауқаты мен білім алуын қамтамасыз етуге бағытталған 14 іс-шара көзделген. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.

Балабақшалар бойынша

Министрдің мәлімдеуінше, бұған дейінгі негізгі мақсат 3-6 жастағы балаларды қамту болса, енді Президент тапсырмасына сәйкес 2 жастан бастап қамту міндеті қойылып отыр. Ол үшін балабақшаларда жаңа орындарды ашу жоспарланып отыр. Келесі жылдың өзінде биылмен салыстырғанда 2,5-3 есеге көп орын ашылады.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі өзгертіледі. Балабақша қызметінің сапасын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданатын болады.

Орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету және қайталануды болдырмау үшін балабақшаларға орталықтандырылған бірыңғай кезек енгізіледі.

Бұл балабақшалардағы кезекке тұруды, берілген жолдамаларды бақылауға, орындарды бөлу кезінде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар бюджет қаражаты есебінен тегін тамақпен қамтылады. Бұл ерекше маңызға ие бастама. Неге десеңіздер, ата-аналар әлеуметтік қиын жағдайда болуына байланысты балалары үшін балабақшадағы тамаққа төлейтін ақшалары болмағандықтан, баланы кезекке де қоймайды, балабақшаға да бармайды. Сондықтан мектепке де дайын емес болады. Толыққанды тамақтанудың болмауы баланың денсаулығына зақым келтіреді», — деді А. Аймағамбетов.

Енді Президенттің тапсырмасына сәйкес 150 мыңнан астам бала тамақпен қамтылатын болады. Ол өз кезегінде баланың одан әрі дұрыс дамуына, болашағына ықпал етеді.

Тағы бір көпшілік көтеріп жүрген мәселе – 1-4-сыныптарды тамақпен қамтамасыз ету. Бұл мәселе Президент бағдарламасында көзделген. Осылайша, 1 млн-нан астам балаға бір мезгіл тегін ыстық тамақ берілетін болады.

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, бағдарламада балалардың денсаулығына ерекше назар аударылған. Оқушылар үшін 50 сауықтыру лагері құрылады. Олардың әдістемелік және мазмұндық жағы да қарастырылатын болады.

Балаларды үйірмелермен және секциялармен қамтамасыз ету үшін бұрын соңды болмаған шаралар көзделген. Кемінде 100 жаңа ірі нысан, яғни оқушылар сарайларын, жас техниктер станцияларын, балалар технопарктерін, музыка және өнер мектептерін салу жоспарланып отыр.

Бұл мектептен тыс ұйымдардың балалардың тұратын жерге жақын болуын қамтамасыз етеді.

«Қазір біз оқушылар сарайларын, музыка және өнер мектептерін жеке секторға беруді болдырмау үшін заңнамалық деңгейде шектеулер қойып отырмыз», — деді Асхат Аймағамбетов.

Орта білім бойынша 

Министрдің мәлімдеуінше, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру арқылы пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізілетін болады.

Экологиялық білім беру сапасын арттыру тәсілдерін қайта қарау жоспарланып отыр.

Инфрақұрылымды дамыту бойынша

2029 жылға дейін қолайлы оқу жағдайлары бар жаңа 1,5 млн оқушы орнын енгізу міндеті тұр. Осы мақсатта 842 мың жаңа орын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы беріледі.

Қосымша 600 мыңнан астам орын басқа тетіктер арқылы енгізілетін болады, олар – жалпы сипаттағы трансферттер, бюджеттік инвестициялық жобалар, білім беру инфрақұрылымын қолдау үшін белгіленген қор және мемлекеттік-жекешелік әріптестік.

Нәтижесінде бір ауысымдық оқыту форматына кезең-кезеңмен көшуге мүмкіндік болады.

Қалған мектептерге робототехника, химия, биология, физика бойынша 7 мың пән кабинеті қойылатын болады.

Жыл сайын шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан мыңға жуық мектепті жаңғырту жүргізіледі.

Балалардың құқықтарын қорғау бойынша

«Бағдарламаға сәйкес жаңа кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі. Бұл балаларды балалар үйінде емес, отбасында тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Әсіресе күрделі аурулары бар, бір отбасынан шыққан бірнеше бауырлары бар балалар үшін жақсы болмақ», — деді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталықтарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Балаларды қолдау орталықтарының басты міндеті – қиын жағдайға тап болған және көмек пен қолдауға мұқтаж балалардың өміріне, оқуына және тәрбиесіне қажетті жағдайлар жасау.

Барлық колледждер, мектептер мен балабақшалар қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етіледі. Күзет агенттіктеріне қойылатын талаптар күшейтілетін болады.

«Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында берген тапсырмаларын сапалы іске асыру үшін бар күшін салады», — деді министр Асхат Аймағамьетов.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.