«Оқжетпес» шипажайының Президенті, кезінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болған жерлесіміз, Созақ ауданының тумасы Қайрат Беркінбаев бүгін кенеттен жүрегі тоқтап, дүниеден озды. Суыт хабар өзі басшылық еткен «Оқжетпес» шипажайының әлеуметтік желісінде жарияланды.
Қайрат Беркінбаевтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты жұбайы, әріптесіміз, жерлесіміз Ләйла Сұлтанқызына, отбасына және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып,көңіл айтамыз.










