• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қараша 18, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШЕТЕЛДІК ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯЛАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

05.11.2022
0
Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, дипломатиялық корпуспен кездесу екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған игі дәстүр екенін атап өтті.

Президент Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдардың басшыларына елімізде түрлі салада ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ адам құқықтарын қорғау мәселелеріне, соның ішінде өлім жазасын жоюға, конституциялық түзетулерді қабылдауға, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі мен мәртебесін арттыруға ерекше назар аударды.

– Өз саясатымызда «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» деген постулатты берік ұстанамыз. Сондықтан азаматтық қоғамның рөлін арттыруға, түрлі қоғамдық күштерді біріктіруге, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруға маңызды іс-шаралар қабылданып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның демократияландыру және кешенді қоғамдық-саяси өзгерістер бағыты өзгермейтінін атап өтті.

– Жаңа модель биліктің тұрақты ротациясын және Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін одан әрі демократиялық тұрғыда дамуын қамтамасыз етеді. Бірнеше аптадан кейін өтетін кезектен тыс Президент сайлауында осы өзгерістер ескеріледі. Бұл сайлау Қазақстанда жаңа саяси дәстүрді қалыптастырады, жаңа саяси дәуірге жол ашады. Біздің басты мақсатымыз – әрбір азамат өз әлеуетін іске асыруы үшін тең жағдай мен мүмкіндік жасалатын Әділетті Қазақстанды құру. Әділеттілік идеясы бұдан былай халықтың әл-ауқатын арттыруға, азаматтардың қажеттіліктері мен сұраныстарына жедел назар аударуға бағытталған Қазақстанның барлық мемлекеттік саясатының өзегі болады. Мен және менің Әкімшілігім Президент сайлауын ашық және әділ өткізу үшін барлық жағдайды жасаймыз.

Мемлекет басшысы Қазақстанның қабылдаған жаңа экономикалық бағыты шынайы еркін нарықтық экономика құруға бағытталғанын ерекше атап өтті.

– Экономиканы монополиядан арылту – біздің ұлттық басымдығымыз. Біз дұрыс жолдамыз. Жетекші халықаралық қаржы агенттіктері Қазақстанның экономикалық өсімді ынталандыру жөніндегі күш-жігерін оң бағалады және Қазақстанның егемен рейтингін «тұрақты» болжаммен растады. Біз ашық экономика қағидатына берік болып қала береміз. Әлемнің 180 елімен сауда жасаймыз. Бүкіл әлемдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, біздің шикізаттық емес өнім экспорты шамамен 40 пайызға өсті. Біз алдағы уақытта да инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіне арнайы тоқталды. Сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларына назар аударып, еліміздің аграрлық, өндірістік сектор, энергетика , «жасыл» қаржы салаларындағы әлеуеті зор екенін атап өтті.

– Біз жыл сайын 5 миллион тоннадан астам бидай мен 1,5 миллион тонна ұн экспорттаймыз. Әлемнің ең ірі он астық экспорттаушы елдер қатарына кіреміз. Қазақстан – зығыр тұқымын ірі өндірушілердің және майлы дақыл экспорттаушылардың бірі. Сонымен қатар бізді шетелдік азық-түлік импортының жоғары деңгейі алаңдатады. Бұл инфляцияның өсуіне алып келеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласының Қазақстан экономикасындағы ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, бұл сала өңірлердің өзара іс-әрекетін жандандыруда маңызды рөл атқарады.

– Қазіргі уақытта Қытай – Еуропа дәлізі бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдың 80 пайыздан астамы біздің еліміз арқылы өтеді. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, көлік-транзит әлеуетінің дамуы Орталық Азия елдерінің тұтас ЖІӨ-н 15 пайызға өсуіне ықпал етуі мүмкін. Қазақстан қазірдің өзінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Бұдан бөлек, «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының энергетика мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі маңызы артып келеді, — деді Мемлекет басшысы.

Президент шетелдік миссия басшыларын 70 миллиард доллар көлемінде активі бар әлемнің отыз ірі тәуелсіз қорының қатарына кіретін «Самұрық-Қазына» қорымен өзара белсенді іс-әрекет жасауға шақырды.

– Қазіргі уақытта Қор ашықтық пен тиімділікті арттыру үшін кешенді түрде трансформацияланып жатыр. Осы ретте Қордың портфельдік компанияларын жекешелендіру – негізгі бастамалардың бірі. Ұлттық мұнай компаниясы, әуекомпаниясы және теміржол компаниясы сияқты Қордың ірі активтері жақын уақытта  ашық компанияларға айналады. Мұнай саласындағы жетекші «ҚазМұнайГаз» компаниясы биыл күзде Қазақстанда IPO өткізеді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерге де тоқталды. Сондай-ақ әлемдегі бұрын-соңды болмаған тұрақсыздық жағдайында Қазақстан теңгерімді, көпжақты және конструктивті сыртқы саясат ұстанатынын айтты.

–  Қазақстан бейбітшілік, ынтымақтастық және сенім құндылықтарын берік ұстанады. Біз БҰҰ-ның Жарғысы мен халықаралық құқыққа негізделген мемлекеттердің теңдігі, егемендігі және территориялық тұтастығы қағидаттарын қолдаймыз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстан мен Орталық Азия аймағы барлық мүдделі мемлекеттермен және ұйымдармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға ашық әрі дайын екенін атап өтті.

– Орталық Азияның аймақтық және жаһандық деңгейдегі маңызының артуына байланысты C5+ форматы серіктестерімізбен арадағы ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазір C5+ форматы көптеген елдермен және өңірлік одақтармен, соның ішінде АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және кейінгі уақытта Қытай, Үндістан, Ресей, Еуропалық Одақпен белсенді ынтымақтастық орнатты. Орталық Азия экономикасындағы жетекші ел ретінде Қазақстан өңірлік және жаһандық дамуға, сондай-ақ құрлықтар, мәдениеттер мен ұлттар арасын жақындатуға өз үлесін қоса береді. Осыған орай біз әлемдік қауымдастықтың барлық мүшесімен, соның ішінде АСЕАН, Таяу Шығыс, Африка және Америкамен белсенді серіктестігімізді жалғастырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Президент БҰҰ, АӨСШК, ТМД, ШЫҰ, ТМҰ және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастыққа мүдделі екенін растады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастықта Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың негізгі қағидаттарын сақтауды қолдайтынын атап өтті.

– Ядролық қаруды қолдану туралы қауіпті мәлімдемелердің артқаны байқалады. Атом энергиясы адамзаттың орасан зор жетістігі екенін есте ұстаған жөн.  Оны жойқын қару ретінде емес, халықтарымыздың тек бейбіт өмірі үшін пайдалану керек, – деді Президент.

Сондай-ақ дипломатия халықаралық қатынастарды басқарудың, қауіп-қатерлерді азайтудың және қауіпсіздік пен әл-ауқатты нығайтудың бірден-бір құралы болып қала беретінін айтты.

– Біз сіздердің елдеріңізбен және ұйымдарыңызбен Қазақстан арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарын тұрақты нығайтуға ұмтылуымыз керек. Осы ретте кәсіби көмектеріңіз бен бірлескен күш-жігеріміз маңызды. Сіздердің барлық конструктивті бастамаларыңызға менің Әкімшілігім мен Қазақстан Үкіметі тарапынан лайықты жауап беріліп, қолдау көрсетілетініне сенімді болыңыздар. Сіздер өкілдік ететін мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларымен арадағы конструктивті диалог пен серіктестікті жалғастыруға ниеттімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында дипломатиялық корпустың дуайені – Палестина Мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мунтасер Әбу Зейд сөз сөйледі.

АҚОРДА КЗ

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.