1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Мереке қарсаңында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов еліміз бен шаһардың дамуы жолында елеулі үлес қосқан бірнеше ардагердің үйіне барып, арнайы құттықтады. Оларға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.
Қала басшысы алғашқы құттықтауын еңбек ардагері Ахметова Райса Райымбекқызының шаңырағынан бастады. Ардагер ұстазбен әңгімелескен Мұрат Әйтенов мереке иесіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.
Ахметова Райса Райымбекқызы Шымкент қалалық комсомол комитетінің хатшысынан Оңтүстік Қазақстан облысы халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметіне дейін атқарған. Ұзақ жылдар халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Құрмет белгісі» ордені мен «ҚазССР білім беру ісінің үздігі» атағының иегері.