• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қаңтар 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

29.09.2022
0
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жиын ұлттық жобаларды әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылаудан басталды. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, жобаның мақсаты – мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешу. Жобаның жүзеге асырылуы 800  мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салуға мүмкіндік береді. Жаңа қолайлы мектептердің қазіргі салынып жатқан мектептерден концептуалды артықшылығы мынада: құрылыстың бірыңғай стандарты сақталады, пән кабинеттері мен зертханалар толықтай жабдықталады, 1-4 сынып және 5-11 сынып оқушылары үшін дербес блок болады,  спорт залдарының саны оқушы санына қарай есептеледі және 1-4 сынып пен 5-11 сынып оқушылары үшін бөлек орналастырылады, әр мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар қарастырылады. Осы және өзге де жаңашылдықтар балаларымыздың  дағдылары  мен қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған.

Баяндаманы тыңдаған Президент білім алу үшін дұрыс жағдай жасау мемлекеттің аса маңызды міндеті екенін атап өтті.

– Өкінішке қарай, бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан осы ұлттық жобаның жүзеге асырылуы Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс. Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуі қажет. Әкімдер жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым жөніндегі барлық мәселені шешуі керек. Мұнда еш ақталудың реті жоқ. Сондықтан өңір басшыларының жеке жауапкершілігін күшейту жөніндегі ұсынысты қолдаймын. Құрылысы 2023 жылы басталуға тиіс мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселе бір ай ішінде шешілуі керек. Қалғандары жыл соңына дейін. Үкіметке әрбір өңірдің осындай міндеттемелерін айқындап, олардың орындалуын бақылауды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ұлттық жобаны келесі жылдан бастап жүзеге асыру үшін биыл барлық қажетті нормативтік актілерді қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің Samruk-Kazyna Construction-ды бірыңғай тапсырыс беруші ретінде айқындау туралы ұсынысын қолдады. Осы ретте Президент бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуын қатаң бақылауға алу қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы балалардың оқулыққа толы үлкен әрі ауыр рюкзактарды арқалап жүруге мәжбүр болуына байланысты ата-аналардың шағымдарына арнайы тоқталды. Бұл балалардың денсаулығына зиян келтіретіні анық.

Асхат Аймағамбетов проблемаларды шешуге бағытталған шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, цифрлық оқулыққа кезең-кезеңімен көшу ісі жүзеге асырылып жатыр,  сондай-ақ жаңа мектептер оқушылардың жеке заттарын, ауыстыратын аяқ киімдері мен оқулықтарын сақтайтын жеке шкафтармен жабдықталады.

«Ауылдық жердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту» атты екінші жобаны Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният таныстырды. Оның айтуынша, жоба барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және заманауи көпбейінді орталық ауданаралық ауруханалар желісін ұйымдастыруға бағытталған. Әкімдіктермен бірлесіп 655 нысанның, оның ішінде 253 медпункт, 160 дәрігерлік амбулатория және 242 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, ауыл халқына жедел медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге, қан айналымы жүйесі аурулары салдарынан өлім-жітімді 20 пайызға төмендетуге, өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Президент ауыл халқының 100 пайызын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етуді көздейтін жобаның әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтті.

– Бұл – мемлекет ретінде біздің міндетіміз. Алайда бұл атқарылатын барлық жұмыстың ең аз бөлігі. Сондықтан жобаның екінші компоненті – ауыр дертке шалдыққандарға және жарақат алғандарға сапалы көмек көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көпбейінді ауруханалардың құрылысына қатысты мәселе де маңызды. «Алтын сағат» қағидасын бекер ұстанбайды – науқасты жабдықталған ауруханаға неғұрлым тез жеткізсе, оның өмірін сақтап қалуға соғырлым мүмкіндік мол. Бұл бастама қанайналым жүйесінің ауруы салдарынан адам шығынын азайтуға  айрықша тиімді әсер етеді деп үміттенеміз. Еліміздегі азаматтардың 35 пайызы осы аурудан көз жұмады. Қазақстанда ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда, инсульт пен инфаркттан  2 есе көп қайтыс болады. Тіпті, жастарымыз да көз жұмып жатыр. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған көпбейінді  ауруханалар желісі – бұл ұлт саулығына қосылған зор үлес әрі тиімді шешім, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу мәселелерін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Президент ұлттық жобалардың нақты нәтижелеріне қол жеткізудің маңыздылығын ерекше атап өтіп, олардың іске асырылуына мониторинг жүйесін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ отырыста Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы мәселе қарастырылды.

ақорда кз

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

Айғақ медиа
15.01.2026
0

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

Биыл елімізде электронды денсаулық паспортының форматы түбегейлі жаңарады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір мемлекеттік және жеке клиникаларды өз деректерін орталық қорға...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

▪️Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңірді ағын сумен қамтамасыз ету және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.