• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ДЕНДРОСАЯБАҚТА ГЕНДІК ҚОР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЮДА

28.05.2022
0

Шымкенттің жасыл өкпесі Дендросаябақта Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында халықаралық конференция өтеді. Бұл алқалы жиын қазан айына жоспарланып отыр. Елімізде теңдесі жоқ жасыл алқаптың бүгіні мен ертеңі жайлы мекеме басшылығы арнайы брифингте баяндап берді. Сонымен қатар, келешекте дендросаябақтың гендік қорын ұлғайтып, оның ішінде интродуцент болып табылатын ағаштар санын арттырып, гендік қор көлемін ұлғайту жөнінде бірқатар жоспарлар да айтылды.

 Ерекше қорғалатын табиғи аймақ бүгінде жасыл желекке оранып, саф ауаның ордасына айналып келеді. Бұлай деуге толық негіз бар. Себебі, өткен 5 жылдықтың ішінде саябақ аумағындағы суғару жүйесінде шикіліктер бар етін. Салдарынан ағаштардың көбі тіршілік нәрінен тарылып, қурап қалып жатты. Ал бүгінде бұл мәселе жүйелі шешімін тауып келеді. Бір топ ғалымдар бастаған мекеме басшылығы саябақтың кезінде қараусыз қалып кеткен аймақтарындағы ретсіз ағаштарды қалпына келтіруді де қолға алуда. Мамандардың айтуынша, бей-берекетсіз өсіп кеткен ағаштар бір-біріне кедергі келтіріп, жайқалып өсуіне кері әсерін тигізеді. Саябақ аумағындағы жалпы ағаш-бұталардың саны 100 мыңнан асып жығылады. Ал Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаштардың 10 түрі кездеседі. Атап айтқанда, кавказ таудағаны, іле бөріқараты, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны, ақ тораңғыл және тау пістесі. Одан өзге сирек кездесетін 96 ағаш түрі бар. Бүгінде пекан, қызғалдақ ағашы, мадсуданттық бұйра тал, маклюра, зеравшан аршасы, қара аюбадам сынды ерекше ағаштар шымкенттің климатына қарай жерсіндірілуде. 2021-2022 жылдары Дендросаябақтың Самал алқабында бос жатқан 6 гектар аумаққа 2000 түп жеміс және әртүрлі сәндік ағаштар отырғызылды.

 Дендросаябақ басшылығының биылғы қол жеткізген жетістіктерінің тағы біріне тоқталсақ. Өткен жылы сәндік гүл көшеттерін қыруар қаражатқа сатып алса, биыл гүлдерді тікелей тұқымынан көбейту арқылы жүзеге асырып, қаржыны үнемдей білді. Қазіргі таңда тұқымбақта 30 мың түп әртүрлі өсімдіктер өсіп жатыр. Алдағы уақытта саябақ аумағын абаттандыру мақсатында гүлзарлар мен серуендей аумағына Дендросаябақ ұжымы өз көшеттерін отырғызбақ. 2009 жылғы мәлімет бойынша саябақта ағаш-бұта түрлерінің 560 түрі бар делінген. Қазіргі таңда ағаштарды жаңа түрлерімен және интродуценттермени көбейту жұмыстарының нәтижесінде бұл көрсеткіш 450-ге жетіп отыр.

Дендросаябақ аумағында күз мезгілінде ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, минералды тыңайтқыштар табиғи жолмен әзірленуде. Нәтижесі ағымдағы жылы сынама ретінде өсімдіктерге берілмек.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Ауданнан аспайтын мәселені мегаполис мэрі шешуге мәжбүр.  Жол, жарық, су ағар, балалар ойын алаңшасына қатысты мәселелер Әл-фараби ауданы аумағында орналасқан...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Бір телефон қоңырауы немесе жалған хабарлама. Осылайша мыңдаған адам алаяқтардың арбауына түсіп жатыр. Әсіресе, егде жастағы азаматтар жиі зардап шегуде....

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОС САЯБАҚ АШЫЛДЫ

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОС САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Қала күні қарсаңында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Шырайлы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол қала әкімімен бірге...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.