• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ОРДАБАСЫДА ҒАСЫР КУӘГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

07.03.2022
0

 Түркістан облысы, Ордабасы ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралардың басы ғасыр жасаған әжелерімізді құттықтаумен басталды. Аудан әкімі Бағлан Батыршаев 106 жасқа келген тыл еңбеккері Шамбек Рахманованы, 100 жастан асқан тыл ардагерлері Хлауда Кенелдіқызы, Кенже Өткелбаеваны, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаевтың қызы Нағима Жүндібаеваны атаулы мерекемен құттықтады. Иықтарына орамал жауып, мерекелік гүл шоқтарын сыйлады.


«Бір ғасыр ішінде ұлт тарихындағы қаншама оқиғаларға куә болған әжелеріміздің өнегелі өмірі – баршамызға үлгі. Алдағы уақытта біз жүз жасаған қарттарымыздың өмір жолы, жеткен жетістіктері туралы деректер жинап, аудан архивін жасайтын боламыз. Сол арқылы өскелең ұрпақты өткен тарихымызбен жан-жақты таныстырмақпыз», деді аудан әкімі өз сөзінде.


1916 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген Шамбек әже бүгінде Темірлан ауылындағы кенже қызы Алтынның қолында тұрады. 15 шақты ұл-қыз тәрбиелеп өсірген алтын құрсақ ана немере, шөбере, шөпшек, неменесін қосқанда 150 ден астам ұрпақтың қазыналы ақылшысы.
Ал Ұялжар ауылында тұратын Хлауда әжеміз нағыз еңбектің адамы болған. Ел басына күн туған қиын кезеңде ер азаматтармен қатар кетпен шауып, шиеттей бала-шағасын асыраған қамқор ананың ғасыр жасауының сыры туралы ауылдастары жақсы бір естелік айтып берді.
«Хлауда анамыз жас кезінде өте еңбекқор болып, айналасына, әсіресе үлкендерге көмектесуді әдетке айналдырыпты. Міне сол ауылдың аузы дуалы қарттарының «Жүз жаса, бақытты бол!» деген ақ батасының арқасында бүгінде жүзден асып, өсіп-өнген әулетке айналды», дейді Хлауда әженің ұлы, Бөржар ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Данай Ережеп.


Бадамдағы Кенже Өткелбаева әжемізге мерекелік сәлемін ала барған аудан басшысы көру, есту қуаты әлсіреген ғасыр құрдасына медициналық және әлеуметтік көмек көрсетілетіндігін жеткізді. Сонымен қатар аудан басшысы даңқты батыр Қарсыбай Сыпатаевтың Бадам ауылында тұратын қызы Нағима Жүндібаеваны келе жатқан мерейлі мейраммен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Аудан әкімі аудандық Орталық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиевке ауылдық округтердегі жүзден асқан қарттарға үнемі медициналық көмек көрсетіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағын тапсырды. Ауылдық округ әкімдеріне қарттардың отбасылық жағдайын жиі қадағалап, оларға үнемі қолдау көрсетуді жүктеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТБҰРЫС

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Елімізде жаңа Конституцияның ресми күшіне енуіне орай Жұмабек Тәшенов атындағы университетте дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Ата заңда айқындалған білім беру,...

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

БІРҚАТАР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛА АЛАДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Конституциялық Сот Ата заңның бірқатар нормаларына ресми түсіндірме берді. Онда Жаңа құжаттың 43, 72, 83 және 84-баптарында көзделген жоғары мемлекеттік...

10 МЛН ТЕҢГЕЛІК АЛАЯҚТЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Шымкентте киберполиция 10 миллион теңгені алаяқтардың қолына түсуден сақтап қалды. Белгісіз адамдар қала тұрғынына хабарласып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып,...

31 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

МЕГАПОЛИСТЕН ШЫҚҚАН ЖАС ТАЛАНТ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Жүзу – төзімділік пен тәртіпті талап ететін спорт түрі. Шымкентте осы спортқа қызығатын жастардың қатары жыл сайын артып келеді. Солардың...

31 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

31 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
16.07.2026
0

Шымкентте биыл 31 заңсыз қоқыс орны анықталды. Бұл туралы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.