Шығыстары ресми табысынан асатын лауазымды тұлғаларға мансаптық жаза қолданылмақ.
Мәжілісте аталған шектеулерді қарастыратын заң жобасы талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген тұлғалар мен отбасыларының шығыстарының кірістеріне сәйкестігін бақылау енгізілмек.
«Елеулі сәйкессіздіктер үшін санкциялар қолданылады. Егер шығыстар мен кірістер арасындағы алшақтық сомасы 1000 АЕК-тен (3 млн теңге) асса, мемлекеттік қызметшіге сәйкессіздік сомасының 90%-ы көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Бірақ әрбір жағдайда шығыстардың заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік беріледі. Егер шығыстар мен кірістер арасындағы алшақтық сомасы мемлекеттік қызметшінің жылдық табысынан асатын болса, ал ол бұл жайтты түсіндіре алмаса теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босатылады», – деді Марат Ахметжанов Мәжіліс отырысында.
Дереккөз: atamekenbusiness_qaz