ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...
Түркістан облысында туберкулез ауруын екі-ақ сағатта анықтайтын молекулалық-генетикалық экспресс әдіс қолданылуда. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Туберкулез ауруын тиімді емдеу» атты республикалық семинарда айтылды, деп хабарлайдыТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Еліміздің әр өңірінен жиналған білікті мамандар бұрын мұндай диагнозды анықтауға екі ай уақыт кететінін айтты. Ал, осы аралықта ауру асқынатын. Бүгінгі жиында Ұлттық орталық мамандары өңірдегі туберкулезге қарсы жүргізген жұмыстармен танысып, мәселелер ортаға салынды.
Сонғы мәлімет бойынша, облыста туберкулез ауруы айтарлықтай бәсеңдеген. Дәлірек айтсақ, өңірде ауру көрсеткіші 27%-ға, ал өлім-жітім 20 %-ға азайған. Жалпы, республика бойынша өкпе-құрт ауруының көрсеткіші 10-15 пайызға кеміген. Дәрігерлер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекіткен емдеу әдістерінің өз тиімділігін көрсеткенін айтады.
«Бүгін Түркістан қаласында үш күн бойы республикалық семинар өткізіп жатырмыз. Әр өңірден туберкулездің неше түрін анықтап, науқасқа жекешелендірген ем-дом тағайындайтын дәрігерлеріміз бар. Сол кеңестің жетекшілері семинарға қатысуда», – дейді Ұлттық Фтизиопульмонология орталығының директоры Мәлік Аденов.
Айта кетейік, өңірде 500-ден аса науқас ем қабылдауда. Оның 100-ден астамы аурудан толық айыққан. Қалған емделушілердің емі әлі жалғасып жатыр. Айта кету керек, бұл дерттен айығуға ұзақ уақыт кетеді. Туберкулездің емі де дәрі-дәрмегі де түгелдей мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Жиынға қатысқан профессор Шахмұрат Исмаиловтың айтуынша, дүниежүзі бойынша жаңа туберкулезге қарсы төрт дәрі ғылыми зерттеуден өткен. Олардың көмегімен кеселден құлан-таза айығып шығуға болады.Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты "Айғақ" телеарнасы, "Айғақ" газеті мен әлеуметтік желілердегі сайлауалды үгіт...
Елімізде жаңа Конституцияның ресми күшіне енуіне орай Жұмабек Тәшенов атындағы университетте дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Ата заңда айқындалған білім беру,...
Конституциялық Сот Ата заңның бірқатар нормаларына ресми түсіндірме берді. Онда Жаңа құжаттың 43, 72, 83 және 84-баптарында көзделген жоғары мемлекеттік...
Шымкентте киберполиция 10 миллион теңгені алаяқтардың қолына түсуден сақтап қалды. Белгісіз адамдар қала тұрғынына хабарласып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып,...
Жүзу – төзімділік пен тәртіпті талап ететін спорт түрі. Шымкентте осы спортқа қызығатын жастардың қатары жыл сайын артып келеді. Солардың...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.