• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Сәуір 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа жүйе бойынша көлікті қалай тіркейміз?

14.10.2016
0

Қазақстанда 26 қыркүйектен бастап көлік құралдарын эксаумақтық қағидат бойынша мемлекеттік тіркеу басталды. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметіне сай, енді арнайы ХҚКО-да иесінің тұрғылықты жері бойынша қайда тіркелгеніне қарамастан, кез келген аймақтың көлігін тіркеуге болады. Яғни, сіз Қостанайда тіркеудесіз делік, ал көлікті Астанадан сатып алған болсаңыз, көлікті бірден Астананың өзінде тіркеуге болады. Біз тіркеу ретін толық анықтамақпыз, оған қанша уақыт кетеді және жүргізушіге қандай құжаттар қажет? Астана бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің директоры Руслан Шәмшиев жеке тұлғаның тіркеу процедурасын қалай өтетіндігі туралы айтып берді.

photo_178921

Алдымен жеке тұлғаның көлігін тіркеуден шығару мен тіркеуге алу үшін жүргізушіге қандай құжаттар керегін анықтап алайық. 

Тіркеуден шығаруға: техникалық төлқұжат, жеке куәлік, сенімхатттың өзі мен көшірмесі (сенімді тұлға өтініш білдірген болса), салық органынан анықтама немесе көлік құралы үшін салық төленгені туралы түбіртектер. Бірден айта кету керек, егер сіз өзге қалада тіркеуде болсаңыз, өзіңізбен бірге тұрғылықты орныңыз бойынша қарызыңыздың жоқтығы туралы анықтама немесе төлемдер жасалғаны туралы түбіртектер болуы керек. Шетел азаматы үшін ДКҚКЖБ-дан (дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма) анықтама қажет.

Көлікті тіркеу үшін: техникалық төлқұжат, жеке куәлік, сенімхатттың өзі мен көшірмесі (сенімді тұлға өтініш білдірген болса). Сіз көлікті сатып алып, арнайы ХҚКО-ға көлік иесімен бірге келсеңіз орталық инспекторына барып, сол жерде жазбаша келісімшарт жасасасыз, осыдан кейін көлікті тіркеуден шешіп, қайта тіркеп береді.

«Жұмыс ангарда жүреді. Екі ангар жұмыс істеп тұр: бірі жеңіл, екіншісі жүк көліктеріне арналған. Онда ТЕБ (тіркеу-емтихан бөлімі) қызметкерлері, криминалистер іс атқарады. Криминалист көлігіңіздің шанақ нөмірін қарап, көліктің ұрланғанбағанын тексереді. Осыдан кейін сізге көлік құралының техникалық сипаттамасы мен салыстыру актісін қолыңызға береді», — дейді Шәмшиев.

«Салыстыру актісімен ТЕБ қызметкеріне барасыз, ол көлігіңіз туралы мәліметті ХҚКО-ның мәліметтер базасына енгізеді. ТЕБ қызметкері енгізген мәлімет біздің базаға да енеді», —  дейді ол.

«Егер көлік ангарда тексеруден өтсе, жүргізуші көлікті тұраққа қойып, ХҚКО-ға барады. Жұмыс кестесі аптасына алты күн 9.00-ден 20.00-ге дейін, жексенбі демалыс. Бірақ құжаттарды тіркеу бойынша қабылдау 18:00-де басталады. Талон алған болса, ол адамға міндетті түрде қызмет көрсетіледі», — деп атап өтті Шәмшиев.

ХҚКО-да алдымен баратыныңыз анықтама алу орны. Бізде екі қызмет: көлікті тіркеу мен жұргізуші куәлігін беру. Тіреуге алу тағы екі әрекеттен тұрады: тіркеуден алу, тіркеуге тұрғызу. Анықтама бөлімі ЖСН үлгісінде талон беріледі», — деп түсіндірді Астана бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің директоры.

Жүргізуші кассаға 530 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын, мемлекеттік тіркеудің нөмір белгісін дайындауға 5 939 теңге және техникалық төлқұжат үшін 2 651 теңге төлейді. Банк комиссиясын есепке алмағанда жалпы сомма — 9 120 теңге.

Ары қарай жүргізуші инспекторға барып, құжаттарын толық көрсетеді және сол жерде база бойынша көліктің салық қарыздары мен әкімшілік айыппұлдарының бар-жоқтығы анықталады. Салық пен айыппұл бойынша қарызы анықталған жағдайда инспектор талонды жаппай тұрып, жүргізушіні қарызды төлеуге жібереді.

Астаналық арнайы ХҚКО-да қала бойынша ғана салық базасы бар. Сондықтан сіз өзге қалада тіркеуде болсаңыз, қолыңызда тіркеу орны бойынша қарызыңыздың жоқтығы жайында анықтама немесе төленгені туралы түбіртектеріңіз болуы керек.

«Сонымен бірге арнайы ХҚКО ғимаратында онлайн-режимде істейтін салықтық төлемдер мен айыппұл төлеу терминалдары орнатылған. Терминал арқылы төлем жасалса, қарыз барлық базадан бірден өшіріледі», — дейді Шәмшиев.

«Бәрі дұрыс орындалса, ХҚКО инспекторы құжаттар пакетін құрады, тіркеу жабылып, құжаттар ЖПБ (жол полициясы басқармасы) қызметкеріне жолданады. Ол жерде қандайда бір шектеулері, тиымдары бар ма немесе көлік кепілде тұр ма сонысы тексеріледі. Біздің инспектор қабылдаған құжаттар тексеріледі. Сәйкес құжаттама толтырылып, базаңа жөнелтіледі», — деп айта кетті сұхбаттасушы.

Ары қарай құжаттар техникалық төлқұжатты басып шығару мен мемлекеттік нөмір берілу үшін  «Латон» фирмасының бөлімшесіне жолданады (ол да ХҚКО ғимаратында орналасқан). Дайын құжат пен тіркеу нөмірі жұргізушіге электронды кезек бойынша құжат алу орнында беріледі.

«Мұнда тек техникалық төлқұжат жасалады. «Латон» фирмасы бізге алдын ала басып шығарылған нөмірлерді ұсынады. Олардың жүйесі жалпыға қолжетімсіз. Оған кем дегенде 50 нөмір енгізілуі міндетті. Бағдарлама өзі таңдап, кез келген нөмірді береді. Қазір бізде барлық 16 аймақтың нөмірлері бар», — деді Шәмшиев.

«Талон алғаннан бастап тіркеуге тұру уақыты 60 минуттан аспайды, ал арнайы ХҚКО-да адам аз болған жағдайда 35-40 минут. Біз оны қатты қадағалаймыз, бізде мониторинг бар. Электронды жүйе бойынша адамға қанша уақыт қызмет көрсетілетінін қараймыз», — деп атап өтті ол.

Жүргізушілер көлікті республикамыздағы 11 арнайы ХҚКО-ның кез келгені бойынша тіркей алады. Жақын арада Шымкентте арнайы ХҚКО-ның ашылуы күтіліп отыр, ол жерде де аталған қызмет қолжетімді болады.

Автор: Айгерім Әбілмәжитова (Фазыл)
Қазақ тіліне аударған Манас Жантекеев
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.