Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
    Айғақ MEDIA

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.03.2025126 Views

    Президент ведомствоның атқарған қызметі, салада жүргізілген реформалар және төтенше жағдайдың алдын алу, салдарын жою жөніндегі есепті тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделдікті қамтамасыз ету үшін бірыңғай аумақтық орган құрылғаны және басқарудың артық тармақтары қысқартылғаны туралы баяндалды. Командалық басқару жаңғыртылды, ведомство жұмысына цифрлық технологиялар енгізілді. Атап айтқанда, дрондардың көмегімен онлайн бейнебақылау жүргізуді және ведомствоаралық сервистермен интеграцияны зор жетістік деуге болады. Аталған жаңашылдықтарды қолдану арқылы оқыс оқиғалардың саны – 2,8 пайызға, кісі өлімі – 10,2 пайызға, жарақат алғандардың саны 8,1 пайызға азайды.

    Министр жүзеге асырылған инфрақұрылымдық жобалар туралы, соның ішінде Астана қаласында өрт сөндіру депосы мен Атырауда құтқару бекеті салынғанын айтты. Былтыр 14 жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілген. Шыңғыс Әрінов құтқарушылардың жаңа киім үлгісі бекітілгенін, материалдық-техникалық базаны жаңғырту жұмыстары жалғасып жатқанын, әуе кемелері сатып алынғанын жеткізді. Елді мекендердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы қолға алынды. Ықтимал табиғи апаттарға дайындықты пысықтау үшін Алматыда «Алатау» жедел мақсаттағы оңтүстік базасы құрылды. Азаматтарды уақытша орналастыруға арналған үш орын белгіленді. Каспий теңізінің қазақстандық секторында «Теңіз жасағы» бөлімшесі іске қосылды. Бұл құрылым оқыс оқиғаға тап болған адамдар мен кемелерді құтқаруға маманданған. Төтенше жағдай аймағына гуманитарлық жүкті тасымалдаумен айналысатын «Айбат» арнаулы мақсаттағы жасағы құрылды. Барлық өңірде әуе құрылымдарын жасақтау жұмыстары жалғасуда.

    Мемлекет басшысына су тасқыны жөнінде ақпарат берілді. Министрдің айтуынша, республика аумағындағы жағдай тұрақты. Қауіп төнген жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін күштер мен техникалар сақадай сай. Сегіз өңірдегі жағдай бақылауда. Ресей және Қырғызстанмен тұрақты түрде ақпарат алмасу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Президент су тасқынына қарсы шараларға баса назар аудару, алдын ала ескерту жүйесін жаңғырту және төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын жалғастыру жөнінде міндет жүктеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.