Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАНҒА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРІЛМЕК
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАНҒА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРІЛМЕК

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.12.2024280 Views

      Мәжілісте Түркістан қаласына қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр,Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров заң жобасының негізгі мақсатын түсіндірді.

       Заң жобасы аясында Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзырет беру көзделген.

    Нақты айтқанда, қала мәслихатына 7 құзырет берілетін болады, олар:

    • қала құрылысы регламенті мен қаланың дизайн кодын;

    • сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын;

    • Ұлттық қолөнер саласындағы шеберлер шығындарының бірбөлігін бюджеттен өтеу қағидаларын;

    • Қала аумағында бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын;

    • Көпшілік тамақтану, сауда және қызмет көрсету стационарлық емес объектілерін, жазғы алаңдарды орнату қағидаларын;

    • Түркістан қаласының нышаның пайдалану тәртібін бекіту.

    Қала әкімдігіне 27 құзырет беріледі, олар негізгі 3 бағытқа бөлінген.

    Бірінші бағыт қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағдарланған, — деді Нұрлан Байбазаров.

    Осы міндеттерді іске асыру үшін Түркістан қаласының әкімдігіне мынадай құзыреттерді беру ұсынылады:

    • жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің пайдаланылуына және оларды күтіп-ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүргізу;

    • жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштеріне ғылыми реставрация жүргізу бойынша ғылыми-жобалау құжаттамасын келісу және т.б.

    Екінші бағыт кесене айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдануға бағдарланған.

    Осылайша Түркістан қаласының әкімдігіне келесі құзыреттерді беру ұсынылады:

    • қаланың дизайн кодын және қала құрылысы регламентін әзірлеу;

    • қала құрылысы кеңесін құру және оның ережесін бекіту бойынша және т.б.

    Үшінші бағыт туристік қызметті қолдауды реттеу және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туристік орындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік және инженерлік инфрақұрылымды бейімдеуге бағдарланған.

    Осылайша,Түркістан қаласының әкімдігіне келесі құзыреттерді беру жоспарланып отыр:

    • кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау, сондай-ақ жол бойындағы сервис бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;

    • туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

    • туризм инфрақұрылымын дамыту шараларын қабылдау және т.б.

    Сонымен қатар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесі бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ілеспе заң жобасы әзірленді. Жер кодексіне, “ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы”, “Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғаужәне пайдалану туралы”, “ҚР туристік қызмет туралы” заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген, — деп түсіндірді Нұрлан Байбазаров Мәжілісте.

    Сонымен қатар Түркістанда тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін нысан салуға рұқсат етілмеуі мүмкін екенін жаздық.

    ҚазАқпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.