Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
    Айғақ MEDIA

    ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.11.2024126 Views

    Сарыағаш шекара жасағы — еліміз  тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған шекара жасақтарының бірі болып табылады. Облыс республикамыздың оңтүстік шекарасын қорғауда маңызды рөл атқарады. Биыл шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті — Тәуелсіз Қазақстанның оңтүстік шебінің күзетінде болғанына 25 жыл.
    Еліміздің Мемлекеттік шекарасы оның ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі негізгі элементі болып саналады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекет шекараны халықаралық құқықтық ресімдеу, көрші елдермен достық пен тату көршілік атмосферасын құру жөніндегі іс-шараларды іске асырды. Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі шекара шебін шегендеу мақсатында 1999 жылы Сарыағаш шекара жасағы құрылған еді. Биыл тәуелсіз еліміздің оңтүстік шебінің күзетінде Түркістан облысы бойынша шекара қызметінің департаментіне 25 жыл. Мерейтой аясында департамент М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде арнайы ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Негізгі мақсат жастарды отансүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеу.
    Бүгінгі таңда Шекара қызметін дамытудың негізгі бағыты техникалық бақылаудың зияткерлік жүйелерін қолдана отырып шекаралық инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру болып табылады. Шекара маңындағы жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық рухты қалыптастыру және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шекарашылардың маңызды ролін түсіндіру мақсатында, шекара маңындағы мектептерде әскери-патриоттық «Жас шекарашы» үйірмелері құрылған. Осы ұйымдардың жұмыс нәтижесінде осы жылы 83 жасөспірім жоғары әскери оқу орындарына түскен.


    25 жыл ішінде Түркістан облысы бойынша департаменті өз қызметінің мәртебесін биікке көтерді, олардың жасаған ерліктері, қажырлы еңбегі бұл Қазақстанның шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Шекарашылар өздерінің адал қызметі арқылы, елдің болашағына, еліміздің тыныштығына үлкен үлес қосып келеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.