Қазақстандағы Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында ұйымдастырылып, 2 күнге созылған өнер фестивальі өз мәресіне жетті. Оқуда озат шығып, өнердің түрлі бағыттарында сайысқа түскен оқушылар тағы бір рет шеберліктерін шыңдады. Салтанатты шараның қорытындысына сай үздік деп танылғандар түрлі марапаттарға ие болды. Фестивальге саз өнерін алып келдім. Маған қолдау білдірген ұстаздарыма алғыс айтамын. Көрерменге өз қолыммен әр түрлі құмыраларды жасап көрсету арқылы осы өнердің барынша дамуына үлес қостым деп айта аламын. Себебі, бұл өнердің пайдасы мен үлесінің ара жігін ажыратып, түсіндіріп бердім. Саз өнеріне қызығушылығым жақында пайда болды. Басында үйірмеге қатысу арқылы қызығушылығымды ояттым. Шеберлігімнің арқасында аз уақыттың ішінде екінші рет республикалық байқауда топ жарып келемін. Болашақта бұл өнерді кәсіп ретінде жүзеге асыру ойымда бар.»- деді, Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әлфараби Қайратов.
Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқушылардың жан-жақты дамуы, білім деңгейін көтерумен қатар шығармашылығын шыңдауы үшін түрлі жобалар қолға алынған. Соның бірі Шымкент қаласында ұйымдастырылған «ART festival». Республикалық өнер сайысына еліміз бойынша 22 мектептен 300-ге жуық оқушы қатысты. «Автордың шығармашылық даралығы» номинациясын жеңіп алдым. Бұл фестивальде М.Әуезовтың Бүркітші шығармасына арналған Бүркіт бейнесіндегі ғимараттың жобасын жасадым. Менің жұмысымның өзге жұмыстардан өзгешелігі басқа қатысушылар элюстрациямен картиналарды жобаласа, мен ғимараттың жобасын жасап, ерекшелендім. Менің ата анам архитектор. Мен де ес білгелі осы салаға қызығамын. Мектеп маған осындай фестивальдерде шығармашылығымды шыңдауға үлкен мүмкіндіктер беріп келеді.»- деді, Алматы қаласы химия биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Дәуіт Марленұлы.
Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын ояту, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған фестиваль аясында оқушылар түрлі өнер бағытында таланттарын паш етті. Атап айтсақ, әлеуметтік ролик, мюзикл, бейнелеу өнері және театрлық қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. «Арт фестиваль» болғандықтан Назарбаев зияткерлік мектептерінде бағалау сыртқы болып келеді. Біз оған араласпаймыз. Оған арнайы әділ қазылар алқасына Шымкент өңірінің ірі тұлғалары, өнер майталмандарын шақырдық. Бағаны сол кісілер береді. Ең алдымен осы сәтті пайдалана отырып үшінші мегаполистегі мектеп ұжымдарының, қала халқының қолдауларына алғыс білдіремін. Тіпті «TULIP HALL» сарайын беріп отқан әкімшілікке де алғысым шексіз. Менің ойымша біз осындай қолдаулардың нәтижесінде өсіп келе жатқан ұрпақты мәдениетке, өнерге баулуда қиындық тумасы анық. Әр қатысушының еңбегі әділ бағаланды деп есептеймін.»- деді Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Өміртайұлы. Шарада белгілі қазақстандық өнер қайраткерлері төрелік еткен болатын. Фестиваль нәтижесіне сай үздік деп танылғандарға алғыс хаттар табысталды.