• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

 ТҰРАР ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ИДЕЯСЫ

16.11.2024
0

Биыл Алаш перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл. Осыған орай Түркістан қаласында “Тұрар және Түркістан идеясы” атауымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  130 жылдықтың Түркістан қаласында тойлануының символикалық мәні бар. Өйткені Тұрар Рысқұлов түркі тұтастығы үшін күрескен қайраткер еді.

 ХХ ғасырдың басында бүкіл Орта Азия халықтары ішінен алғаш болып әйгілі Кремльдің төрінен орын алған Тұрар Рысқұлов ел тағдыры үшін күресті.  Аласапыран заманда қазақ қоғамының әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін аянбай еңбек еткен тұлға ретінде халық жүрегінде қалды.

Тар заманнан тағылым ретінде қалған Тұрардың бейнесін бүгінгі қоғам феномен ретінде көреді. Оған Түркістанда өткен жиын куә. 130 жылдыққа арналған халықаралық конференцияда Мемлекет басшысының арнайы сәлемін  ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сондай-ақ, Сенат спикері Мәулен Сағатханұлының, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаты оқылды. Елордадан жеткен жылы тілектерді қос палатының депутаттары Дархан Қыдырәлі мен Темір Қырықбаев оқып берді.

Тұрар Рысқұловтың Түркістан идеясы – түркі тілдес халықтардың бірлігін, экономикалық және саяси өзіндік дербестігін қамтамасыз етуге бағытталған тарихи маңызды көзқарас болды. Ол Кеңес өкіметі кезінде толық жүзеге аспағанымен, оның ұлттық мүдде мен тәуелсіздік жолындағы күресі қазақ халқы мен басқа да түркі халықтарының тарихында терең із қалдырды.

Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Баярхуу Дорж, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Илкер Пак та аталған жиынға қатысып, Рысқұлов жайлы мазмұнды әңгіме қозғады, ерен істерін әңгімеледі. Мәселен, Моңғолияның астанасының бұрынғы атауы Ұрға болса, осы күнгі Ұлан батыр атауына өзгерткен Тұрар Рысқұлов еді. Ал, Түркияның бас консулы қазіргі таңда Түркияда қайраткердің есімімен қатар еңбектері де көптеп шығып жатқанын айтты.

Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының төрағасы Зауытбек Тұрысбеков мінберге шығып, жас буынға ой салар, жігер берер салмақты ойын ортаға салды. Айта кетсек, Зауытбек Қауысбекұлы Қазақстанның Ресейдегі елшісі кезінде Тұрар Рысқұловтың 1931-1934 жылдары Мәскеуде тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылған болатын.

Халықаралық конференциядағы құрметті қонақтың бірі — Аделя Робертқызы Рысқұлова, Тұрардың немересі. Ол мерей аясындағы шараны ұйымдастырған облыс әкімдігіне алғысын жеткізді. Өз сөзінде Тұрартанушылардың қатары аз екенін, дегенмен, архивте атасының әлі де ашылмаған мол мұрасы жатқанын айтады.

Ғылыми әрі рухани берері мол жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары қатысып, өңір басшысы Дархан Сатыбалдының ықыласын жеткізді.

Рысқұлов ұлт жанашыры болды, оның бүкіл саналы ғұмыры ұлт мүддесі жолындағы қиын күреспен өтті. Сол уақыттың өзінде Германияға 70 баланы оқуға жіберіп, Алаш идеясын Еуропаға жеткізуді мұрат етті. Ясауи атындағы оқу ордасында өткен маңызды басқосуда ректор Жанар Амангелдіқызы да сөз алып, келген қонақтарға, баяндама жасаған азаматтарға алғыс білдірді. Оның білім алушы студенттер үшін маңызды жиын екеніне тоқталды.

Мазмұнды жиын әрі қарай панельдік сессиямен жалғасын тапты. Онда Тұрар Рысқұловтың тұлғалық болмысын айқындай түсетін еңбек жолы жайлы тарихшылар, тұрартанушылар баяндама жасады. Осы сәтте залда отырған тыңдарманның қатары сейілді. Дегенме, руханиятты түсінетін, ұлт үшін күрескен қайраткер тұлғалардың қадірін білетін жандар құлақ түре тыңдап отырды.

Халықаралық конференцияны Рысқұловтың жерлесі, ғасыр жасаған Мұратәлі Төлепбергенұлы қорытындылады. Елі үшін күрескен азаматты ұмытпай, еске алып, өнегелі іс жасаған Түркістан облысына алғыс білдіріп, батасын берді. Конференциядан шыққан қонақтар университет ауласындағы Тұрар Рысқұлов аллеясына 130 түп шынар ағашын отырғызды.

Бірнеше жылда өзегін кеңейтіп, саялы орынға айналатын жер Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойынан естелік ретінде мәңгі қалары анық.  Ал ертең, 16-қарашада туған жері Түлкібас ауданында рухани шара жалғасады деп жоспарлануда.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.