Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШАХМАТТАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ГРАН-ПРИ АЯҚТАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ШАХМАТТАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ГРАН-ПРИ АЯҚТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.11.2024129 Views

    Шымкентте Халықаралық шахмат федерациясының және Freedom Holding корпарациясы компаниясының қолдаумен KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған беделді турнир – әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы ФИДЕ Гран-приінің екінші кезеңі аяқталды. 9 турдың нәтижесі бойынша ФИДЕ туы аясында қатысқан Александра Горячкина бәрінен басым түсті. Одан жарты ұпай аз жинаған әлемнің экс-чемпионы Тань Чжунъи екінші орынға шықты. Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы, 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері Бибісара Асаубаева Тбилисиде өткен 1-ші кезеңдегідей жүлдегер атанды, бірақ бұл жолы ол 3-ші орынды иеленді.

     

    — Турнир ұйымдастыру жағынан өте жақсы өтті. Бірақ турнирдің өзі мен үшін қиын болды. Бірінші таймда жақсы ойнадым. Екіншісінде, өкінішке орай, ауырып қалдым. Аздап шаршап қалғаным бар. Сондықтан келіп тұрған мүмкіндікті қолдан жіберіп алдым десем де болады. Бірақ, бақытымызға орай, турнир оң нәтижемен аяқталды. Мұнда мен Катерина Лахнодан жеңіліп қалдым. Онымен қоса турнир жеңімпазы Александра Горячкинамен де күрделі партия болды. Мұнда барлығы жақсы ойнаған соң, біреуін бөліп жарып мықты ойнайды деп айта алмаймын. Себебі бұл жерде тек мықтылар ғана жиналған. Ал осы жылдың соңына қарай мен Нью-Йоркте өтетін рапид және блиц бойынша әлем чемпионатына барамын, деді Халықаралық гран-при турнирінің қола жүлдегері Бибісара Асаубаева.

     Жарыстың қорытынды шарасына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, KazChess бірінші вице-президенті, Freedom Holding Corp.  команиясының өкілдері, танымал кәсіпкерлер мен беделді тұлғалар қатысты. Әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-при – ақшалай жүлдесінің қомақты болатынымен ерекшеленетін турнир. Алты кезеңнің әрқайсысының қоры 80 000 еуроға тең, бірінші орын алған шахматшыға оның 18.000 еуросы табыс етіледі, екінші орынның жүлдесі – 13.000 еуро.Бүкіл турнир сериясының жалпы жүлде қоры –рекордтық $600 000 долларды құрайды. Классикалық шахмат ойынына қатысқан шахматшы тек ақшалай жүлдемен ғана емес, сонымен қатар өзінің рейтингін жоғарылату мүмкіндігіне ие болады. Бұған қоса серияда жеңіске жеткен жағдайда әлемдік шахмат тәжін иеленуге жол ашылатын келесі үміткерлер (FIDE Women’s Candidates 2026) турниріне жолдама алуға болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.