Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТКЕН ЖАС БОКСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    Айғақ MEDIA

    ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТКЕН ЖАС БОКСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.11.2024103 Views

    ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биылғы 26 қазан мен 4 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында және сол уақытта АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесіп, жас былғары қолғап шеберлері мен олардың жаттықтырушыларын марапаттады.

    Іс-шараға Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Рауан Игенев, Бокстан ҚР жастар әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Жанкелді Ахметов, бокстан ҚР жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Мақсат Бақтыбазаров және әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

    Министр жас боксшылардың әлем чемпионаттарындағы табысын ерекше атап өтіп, еліміздің болашағы үшін бұл жеңістің маңызы зор екенін айтты.

    Сондай-ақ спортшылардың жарқын жеңісі халықаралық аренада еліміздің абыройын арттырып қана қоймай, өскелең ұрпаққа даүлгі-өнеге екенін жеткізді.

    «Жас спортшылардың әлем чемпионаттарында топ жаруы – үлкен жетістік. Бұл жеңіс ел боксшыларының бұған дейінгі жетістіктерінің заңды жалғасыекендігін көрсетеді. Сондай-ақ әлемге біз Қазақстан құрамасының жаңа, жұлдызды буынының өсіп келе жатқанын дәлелдедік. Жастар – біздің үмітіміз, еліміздің жарқын болашағы. Боксшыларымыз өздерінің еңбекқорлығы, таланты мен талабының арқасында әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтаты. Олардың жетістіктері жаңа буынға үлгі-өнеге болады. Жас боксшыларымыздан болашақта одан да жоғары нәтижелер күтеміз», – деді Ербол Мырзабосынов.

    Айта кетейік, Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль еншілеп, алғаш рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ал АҚШ-тағы әлем чемпионатында біздің боксшылар екі күміс медаль иеленді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.