Мемлекет басшысы: «Тазалық алдымен халқымыздың әдетіне, сосын қанға сіңген қасиетіне айналуы қажет. Шын мәнінде, өркениетті елдің басты сипатының бірі – тазалық пен тәртіп. Сондықтан «Таза Қазақстан» шарасы жыл он екі ай бойы жалғасуға тиіс» — деген еді. Осы жоба аясында тазалық шаралары әлі де жалғасуда.
Елімізде “Таза Қазақстан” акциясы 8 сәуірден бастау алды. Бүгінгі таңда аталмыш акция нәтижесін беріп, қала тұрғындары да әр апта сайын жұмыс атқарады. Асар-2 мөлтекауданда тазалық акциясына тұрғындар белсенді атсалысты. Тазалық жұмысына екі техника жұмылдырылдырылып, нәтижесінде аудан көшелері қоқыстардан тазартылды.Тұрғындардан бөлек тазалық саласының қызметкерлері 200 ге жуық жұмысшы шаһар тазалығы үшін қызмет етуде.
Жалпы Қаланың тазалығын қалайтын әрбір тұрғын бұл акцияға қатыса алады. “Бірлік бар жерде -тірлік бар”. Таза Қазақстан экологиялық акциясы тұрғындарды тазалыққа шақырып қана қоймай, бірлікке үйретуде. Таза қаланы қалыптастыру сіз бен біздің қолымызда.