Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМІЗДІҢ МЕРЕКЕСІ
    Айғақ MEDIA

    ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМІЗДІҢ МЕРЕКЕСІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.10.2024112 Views

    Республика күні Түркістан төрінде  тойланды. Жаса, жайна, Қазақстан атауымен өткен салтанатты шара тамырлы тарихымыздан сыр шертті. Егеменді еліміздің айбынын асқақтатты. Облыс әкімі 6 жылда түркі әлемінің астанасына айналған аймақтың жеткен жетістігі мен ілкімді істері жайлы баяндап, 60-қа жуық азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.

    «Тұлғалар» прологымен ашылған мерекелік кеште ұлттық мерекенің мән-мазмұны жан-жақты айшықталды. Мемлекеттілігіміздің мәнін айшықтайтын Әнұран орындалып, оны шырқаған бүлдіршіндер патриоттық рухтың символындай көрінді.

    Салтанатты шараның басында Дархан Сатыбалды сөз сөйлеп, өңір тұрғындарын құттықтады. Сонымен қатар өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды да баяндады.

     Салтанатты жиында облыстағы бірқатар адамдардың еңбегі еленді. Ұлық мерекеге орай облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан белсенді тұлғалар ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені, «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерлігі үшін» медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Шапағат» медалі, «Қазақсаттың еңбек сіңірген ұстазы» атағы сынды мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мемлекет басшысы «еңбекқор адам», «кәсіби маман» бейнесіне баса мән беруде.

    Шынайы, адал еңбегімен қоғамға сыйлы болған үлгілі тұлғалар мемлекетіміздің құрметіне бөленіп, елдің мақтанышына айналып келеді. Соның бірі – Әсет Қайыпбеков. Корпорация «Сити строй» ЖШС төрағасы еңбегін облыстың көркеюіне, қажыр-қайратын құрылыс, кәсіпкерлік, агро саланың дамуына арнаған азамат «Құрмет» орденімен марапатталды.

     Ұзақ жылдардан бері ауыл шаруашылығының дамуына серпін беріп, өңір экономикасын жақсартуға үлес қосып келе жатқан «Бәйдібек несие» кредиттік серіктестігінің төрағасы Жазылбек Әбілдабектің еңбегі де «Құрметпен» бағаланды.

    Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Республикалық, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүрген мәдениет саласының өкілдері өнер көрсетті. 1990 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жайлы Декларация қабылданды. Тарихи күн көңілге сеніп ұялатып, тәуелсіздігіміздің бастауы болды. Айтулы күн біраз жылдар бойы көлеңкеде қалып қойды. Дегенмен, 2022 жылдан бастап қайта тойлана бастады. Саяси және рухани мәні жоғары Республика күні құтты болсын!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.