Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»ЖАҢА ЭНЕРГИЯ КӨЗІН АЛУДЫҢ ЖОБАСЫН ЖАСАҒАН ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ
    Білім

    ЖАҢА ЭНЕРГИЯ КӨЗІН АЛУДЫҢ ЖОБАСЫН ЖАСАҒАН ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.10.202497 Views

    – Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойынша сайлау алдындағы бағдарламада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі. Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бүл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында айтқан болатын. Білім алу арқылы ғылымды дамыту бәсекеге қабілетті елдің міндеті. Бүгінде Шымкент қаласы мектептерінде мықтап қолға алынған. Мәселен, жуырда шаһарымыздағы  № 8 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушысы – Смайыл Мөлдір жаңартылатын энергия көзін құру тәсілі ретінде гидроэнергетикалық жүйелерге негізделген қосымша энергия өндіруді болжау және басқару ғылыми жобасын жасап шығарды.

    «Ғалымдар 50 жылдан кейін адамзат көміртегі отынының жетіспеушілігі проблемасына тап болады деп болжайды. Ал, 100 жылдан кейін бұл отын болмауы мүмкін. Демек біз жаңартылатын энергияға көшуіміз керек», — дейді оқушы.

    Ғылыми жобаның мақсаты — жартылай өткізгіш материал қабаттарының кең жолақты аймақпен және электрліктің  су тамшыларымен өзара әрекеттесуі арқылы электр энергиясын өндіру мүмкіндігін зерттеу.  Міндет-тұтыну үшін жеткілікті ток генерациялау мүмкіндігін тексеру және практикалық зерттеу арқылы электр энергиясын өндірудің оңтайлы жағдайларын жасау.

    –Жобада тамшылардың кинетикалық энергиясын түрлендірудің бірегей әдісіне және далалық жартылай өткізгіш құрылым мен электрет арқылы трибоэлектрлік және баллдық электр энергиясының электр энергиясына әсеріне назар аударылады. Зерттеудің негізгі аспектілеріне құрылғының жұмыс принципі, арнайы полимер бетіне (политетрафторэтилен) түсетін су тамшылары онымен әрекеттесіп, электр өрісін тудыратын, электр тогының пайда болуына әкелетін құрылғының жұмыс алгоритмі ұсынылған. Практикада жаңартылатын энергия көзі ретіндегі маңыздылығын көрсете отырып, әртүрлі салаларда әзірленген әдісті енгізу және пайдалану бойынша ұсыныстар ұсынылды. Бұл технологияны қолдану дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділікті едәуір төмендетіп, тұрақты энергетиканың дамуына үлес қоса алады, -деді Мөлдір Смайл.

    Смайыл Мөлдір Ю.П. Грязновтың жетекшілігімен гимназистердің шығармашылық тобының қатысушысы. Өткен жылы Жолдасбеков атындағы механика және математика бойынша Халықаралық жобалар байқауының жүлдегері атанған. Бүгінде Ю.П.Грязнов балалардың жұмысы мен идеясын жетілдіруді жалғастырып келеді.

    Жалпы ғылымның дамуы кез-келген мемлектетің экономикалық өсіміне алып келіп, инвесторларды тартып, миллиардтаған қаржының қазынаны толтыруына өзіндік септігі тиеді. Бүгінде білім, ғылым және инновация жаһандану үдерісіне төтеп беретін  үш таған деп айтар едім.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.