Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ҚАЗАҚКОНЦЕРТТЕ «БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
    Айғақ TV

    ҚАЗАҚКОНЦЕРТТЕ «БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.10.2024Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Біздің жәрмеңке» ұлттық өнер мерекесі өтті. Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.Қазақконцерттің «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы көрермен назарына Қоянды, Көкжар, Қараөткел сынды тағылымы мол тарихи жәрмеңкелерді жаңғыртқан, дәстүрлі өнердің барлық тұстарын қамтыған жаңа форматтағы думанды кешін ұсынды.

    Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Ардақ Балажанова, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Елшібаева, Раушан Оразбаева, Айзат Қарабекова, Нұрболат Арзамасұлы, Мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ерболат Шалдыбеков, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Күнсұлу Түрікпен, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ақерке Тәжібаева, Дінисламбек Жайлаубай, Біржан Айтахметов, Алихан Дүйсенбай, Венера Табыс, Дария Бекпенбетова, Аяулым Қамажан өнер көрсетті. Бұған қоса, «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі мен «Бірлік» би ансамблі өнерлерін ортаға салды.

    Сахнаға бір мезетте шыққан барлық өнерпаздар нағыз өнер жәрмеңкесінің атмосферасын шебер жеткізе алды.  Қазақконцерттің өнер майталмандары көрермен назарына ұлтымыздың әуелеген әсем әндерін, күмбірлеген күй мен жыр жауһарларын, төл өнеріміздің үздік үлгілерін паш етті.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.