Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.09.2024126 Views

    Мегаполисте Орта Азиядағы ең үлкен өндіріс орны іске қосылды. 32 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорын Қытай инвесторының есебінен жүзеге асып отыр. Керамогранит өндіретін инвестициялық жоба құны 25,5 млрд теңге. Өндіріс зауытының алғашқы кезеңінің өзі жыл сайын 12,7 млн шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Ал, екінші кезең іске қосылғанда өнім қуаттылығы екі есеге ұлғайып, 350-ден астам қосымша жұмыс орны ашылмақ.

    Шымкент қаласы «Жұлдыз» индустриялды аймағында ірі инвестициялық жобаның бірінші кезеңі өз жұмысын бастады. Зауыттың құрылысы өткен жылы басталып, аз уақыттың ішінде отандық нарық сұранысының үштен бір бөлігін қамтуға қауқарлы өндіріс орнына айналды. Кәсіпорынның ашылу салтанатына қала әкімі Ғ.Сыздықбеков пен «WAN SHENG CERAMIC» шетелдік компаниясының құрылтайшылары қатысты.

    Бұл ретте «WAN SHENG CERAMIC» ЖШС құрылтайшысы жобаны жүзеге асыруда көрсеткен көмегі мен белсенді қолдауы үшін қала әкімдігіне алғысын білдірді. Оның айтуынша, компания заманауи технологияларды енгізумен қатар, қызметкерлерді дамытуға арналған түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

    Мамандар бұл жобаны іске асыру құрылыс саласын дамытуға ғана емес, заманауи өндірісті енгізуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға да септігін тигізетінін айтады. Сондай-ақ, өндіріс барынша қауіпсіз әрі экологиялық таза болмақ.

    Айта кетейік, кәсіпорынның екінші кезеңі іске қосылғанда ішкі нарықты керамикалық плиталармен толық қамтамасыз етпек. Сондай-ақ, шет елдерге де экспортталады деген жоспар бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.