Әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде жиынтығы «200-ге жуық» атом электр станциясы барын айтқан президент, «бұл қуат көзі ел экономикасының ұлғайып бара жатқан қажетін елеулі дәрежеде өтейді» деді. Жолдауда айтылған өзекті мәселенің қоғам талқысында жүргенінеде біраз болды. 6 қазан күні өтетін жалпыұлттық референдум көпті толғандырған мәселенің күрмеуі болмақ. Осы мәселелер аясында арнамызға сұқбат берген Халықтық штаб мүшесі Кенжехан Төлебаев референдумда дауыс беруге шақырды. Бірлігі бекем елдің болашағы жарқын екенін айтқан ел ағасы қорқыныштан арылу керек дейді.
Билік АЭС тақырыбына референдум өткізілетінін айтып жүргені қазір ғана емес. Қоғамда бұл мәселе 1990 жылдардың аяғынан бері айтылып келеді. Қазақстанның қазіргі көлемде өндіретін электр қуаты 2030 жылға қарай аздық ететінін президент өз жолдауында айтқан болатын. Бүгінде, Республика бойынша тұтынып отырған 100% электор қуатының 30% шет елден сатып алып отырмыз дейді- АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшесі Кенжехан Төлебаев.
Референдумда қазақстандықтарға қойылатын сауал да нақтыланған. 6 қазанда халық жаппай «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап береді. Елде АЭС салу мәселесі көп талқыланды. Жария талқы барысында жоба туралы жалпы мәліметтер, оған кететін шығын, станциялардың қуаты, АЭС салатын орын мен құрылыс мерзімі туралы айтылды. Ұсынысты жұртшылық қолдаған жағдайда, билік АЭС-ті сегіз жылда салуға және әрі кеткенде 12 миллиард доллар жұмсауға уәде беріп отыр. Халықтық штабтың Шымкент қалалық филиалының мүшесі Кенжехан Төлебаев. Біздің жерге сегіз Франция шақ келеді. Сол кішкендай елді 56 аэс бар дейді. Ал, әлемде 9 орын алатын Қазақстанға аэстің қаншалықты керек екендігін бағамдай беріңіз. Дәлел, дәйекпен сөйлеген азамат жұртшылыққа қорқыныштан арылу керек дейді.
Қ. Тоқаев АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізу қоғамда бір жылдан бері талқыланып жатқанын айтып, бұл «азаматтардың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім» деді. Кенжехен Төлебаев 6 қазан күні референдумда бірлесіп дауыс беруге шақырды.
Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», деді президент.