Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»“ЕЛ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА”
    Жаңалықтар

    “ЕЛ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА”

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.09.202466 Views

    Айтыс —  өмір шындығын, халықтың тұрмыс тіршілігін сөзбен суреттейтін өнер. “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің  ұйымдастыруымен “Ел-жаңғыру жолында” атты жиын өтті. Жиынға Біржан Байтуов, Қажымұқан Абзалов, Нұрғали Анапия сынды айтуылы айтыскер ақындар қатысты. Ақын-ақиқаттың жаршысы Ал, ақын шығармашылығы мен танысу жас ұрпаққа шабыт бермек. Жастар жылы жүзді ақындардың ғибратты әңгімелерін тыңдап, ерекше әсер алды. 300 ге жуық студенттермен  қоса Жас ұлан 6506 әскери бөлімшесінің сарбаздар жиналып ақындардың әңгімесін тыңдады. Рухани азық беретін бұндай шаралар жастардың патриоттық сезімін шыңдауға мүмкіндік береді. Басқосуда ел татулығы мен ата-бабамыздың қилы жолы айтылды. Біржан Байтуов жастарға “Оян, Қазақ” фильмін көруге кеңес берді.

    Көрермен сырлы сұхбатқа толы кеште ақындардың өмірімен рухани  әлемімен де танысты. Жиын соңында  айтыскерлермен  қатысушылар ашық сұхбат құрып, ұлттық өнеріміздің маңыздылығын айтты.

    Айтысқа қызығушылық танытатын жастар аз емес. Домбыра ежелден қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптың  бірі. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын қазақ үшін айтыс өнері үлкен мәртебеге ие.

    Қазақылықты күймен жырлайтын суырып салма ақындар жастарға үлгі.

    Айтыс өнерінің маңызы ХХ ғасыр басынан бері айтылып келеді. Ел арасынан шыққан айтыс ақыны, ең алдымен, халықтың жағдайынан, қоғамның ахуалынан барынша хабардар болуы шарт. Елдің аңсар-мұратын насихаттаушы, әрі қоғамдық пікір қалыптастырушы айтыс ақындары әр кезде де ықпалды болған. Ұрпақтан ұр­паққа мұра болып жеткен ақын жыр­лары әр дәуірдің, қоғамның болмыс бедерін бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Өздеріңізге таныс айтыс өнері халық арасында  ерекше құрметке ие.Біз біліп білмейтін айтыстың түрлері өте көп мәселен,бәдік айтыс, жар-жар, жұмбақ айтыс, салт айтысы, қыз бен жігіт сияқты көптеген түрлері бар.

    Жиынға белгілі айтыскер елдің алдында жүрген Біржан Байтуов қаламыздағы алғашқы дәстүрлі өнер мектебін ашқан, кішкентайынан білімді сөзге шебер болуға үйретеді.Жастайынан өнер сүйгіш дәстүрді тануға ықпал ететін бұл мектептің ерекшелігі Құрманғазы, Дина сынды жеке уйірмелері бар, 18 Түрлі өнерді қамтитын үйірме жастарды өнерге үйретуде. Белгілі Нұрғали Анапия, Қажымұқан Абзалов жыр шумақтарын арнап жастарға жылы лебіздерін білдірді. Айтысты дәріптеу оны қолдау  сізбен біздің қолымызда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.