Шымкентте 6506 әскери бөлімі «Ақтас» оқу орталығының базасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен 6654 әскери бөлімінің взвод командирлерімен және 2023 жылғы жоғары әскери оқу орындарының түлектерімен оқу-әдістемелік жиынын бастады. Жиынның басты мақсаты жүктелген міндеттерді уақтылы және нәтижелі орындау үшін жеке құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіру. Айта кету керек, бүгінгі таңда Ұлттық ұланда командирлердің рөлі нығайып, оларға тәрбиешілермен қатар жеке құраммен жұмыс істеу бойынша күрделі міндеттер жүктелуде.