Әрбір ЖОО жанынан ситуациялық және дағдарыс орталықтары ашылды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Кез келген студент өзі оқитын университеттің Ситуациялық орталығына хабарласа алады. Мұнда оған университет жатақханасында қанша орын бар екені, университет жанындағы жатақханада орын болмаған жағдайда, қай жекеменшік жатақханамен келісімшарты бар екені туралы ақпарат ұсынылады.











