Жергілікті тұрғындар “Көл” атап кеткен демалыс аймағы ел игілігіне берілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа нысанда болып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
Жылдар бойы қараусыз қалған аумақ заманауи талапқа сай абаттандырылып, халықтың серуен алаңына айналды.Қала әкімінің тапсырмасы аясында нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Көлдің түбі тазаланып, айналасы абаттандырылды. Көгалдандырылған аумаққа озық үлгідегі жарық жүйелері жүргізілді. Су қоймасы толтырылып, субұрқақтар іске қосылды. 950 шаршы метрге бетон төселіп, 350 шаршы метр гранит жаңаланған.
Бұл жұмыстар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарылды. Қала басшысы тұрғындармен кездесіп, демалыс аймағын таза ұстап, ұқыпты қарауға шақырды.
МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ
Жаһандық тәжірибе, жасыл инфрақұрылым және ұлттық құндылықтарды дәріптеу халықаралық форумның негізгі бағыттарына айналды Қазіргі таңда қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету,...










