Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ӨҢІР БЮДЖЕТІ 1 ТРЛН 419 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТАДЫ
    Айғақ TV

    ӨҢІР БЮДЖЕТІ 1 ТРЛН 419 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.07.2024Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Үнемделген қаржы әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қайта бағытталады. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында айтылды. Сонымен қатар, облыстағы маңызды мәселелер қаралып, барлық сала бюджеті сараланды.

    Білім саласынан артылған қаржы түгелдей «Жайлы мектеп» жобасына жұмсалады. Түркістан облысында биыл құрылысы аяқталуы керек 29 жайлы мектеп бар. Білім беру саласынан үнемделген 6,9 млрд теңгенің 1 млрды аталған мектептерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етпек. Ал медициналық мекемелердің материалдық базасын нығайтуға 809 млн теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы 135 жедел жәрдем көлігінің қызмет сапасының артуына 88,9 млн теңге қарастырылуда. Бұл туралы облыстық экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы айтты.

    Тұрақты комиссия отырысына 14 депутат қатысты. Жиын барысында экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына ауыл шаруашылығы, жылыжай, табиғи газ, абаттандыру және білім беру саласындағы үнемделген қаржының дұрыс жұмсалуы, жол мәселесі, ауыз су, сонымен қатар Ордабасы тауындағы үш бидің ескерткіші мәселесі қозғалды. Айта кетейік ескерткіш құрылысы 2018 жылдан бері тоқтап тұр. Тарихы терең құнды жәдігердің қараусыз қалғаны жайлы осыған дейін облыстық мәслихат депутаты жоғарғы билік өкілдерінің назарына ұсынған. Бірақ, әзірге атқамінерлерден тұшымды жауап жоқ.

    Сонымен қатар отырыс барысында облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу жайы талқыланды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.