Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА» КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
    Жаңалықтар

    «ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА» КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.07.2024217 Views

    Елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі.Соның жалғасы ретінде мегаполистің «Shym City» шағынауданындағы жаңа саябақ аумағында “Ұлттың рухы – Домбыра”атты гала-концерт өтті. Салтанатты мерекеде қала тұрғындары мен қонақтарына мәдениет үйінің әртістері мен шығармашылық үйірмелердің жас өнерпаздары бірігіп, берері мол рухани кеш сыйлады.

    Қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Мерекелік концертке әсем ән мен тәтті күй сыйлаған «Шымкент концерт» ұйымының Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Қазына» би ансамблі, «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі және дәстүрлі әншілер мен күйшілер, шығармашылық үйірмелерінің 400-ге жуық жасөспірім домбырашысы қатысты. Басты мақсат -Ұлттық домбыра күні мерекесін халықтық сипатта насихаттау, қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғыртуға шақыру.

    Домбыра қазақтың киелі мұрасы. Күйшілер ерте заманнан бері қадірін жоғалтқан жоқ. Киелі аспапты елімізде ғана емес, алыс-жақын шет елдерде де танытқан тұлғаларымыз жетерлік.Атап айтсақ Әміре Қашаубаев,Дина Нүрпейісова,Нұрғиса Тілендиев секілді бір туар тұлғаларымыз халқымыздың ажырамас бөлігіне айналған аспапты дәріптеп ұлықтап жүрген.Мерекелік кеште ұмыт болып жатқан күйлерді қайта жаңғыртып қала тұрғындарының жүрегінен орын тапты.Жалпы гала-концертте 500-ден аса өнерпаздар халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Жыл сайын атап өтілетін бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты болмақ. Айта кетейік Шаһарда 3 шілдеден бүгінгі атаулы күнге дейін халық көп шоғырланатын орындарда домбыра күніне орай бірқатар көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып келді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.