Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    Айғақ TV

    СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.07.2024Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкентке іс-сапармен келді. Сапар барысында шаһардың белсенді жастарымен кездесіп, өңір дамуында жас буынға жүктелетін міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ, сенаторлар бұған дейін палатаның тұрақты комитеттеріне Шымкенттегі “AZALA Textile” тоқыма фабрикасының жұмысшыларынан өтініштер келіп түскенін ескеріп, кәсіпорынның қызметімен танысу үшін аталған нысанға арнайы барды. Мәулен Әшімбаев қаланың белсенді жастарымен кездесті. Жиын барысында реформаларды іске асыруда және Шымкенттің дамуында жас буынға жүктелетін міндеттер туралы талқыланды. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Президентіміздің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан осындай шаралардың негізгі мақсаты, елімізде әділетті қазақстан құру, деді. Қазір еліміз үшін өте маңызды кезең. Ауқымды әрі кешенді реформалар қолға алынып, қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл реформалардың негізгі мақсаты әділетті саяси-экономикалық жүйе қалыптастыру. Әділетті жүйе дегеніміз, бірінші кезекте, заң үстемдігін орнату және азаматтардың бәріне бірдей тең мүмкіндік жасау. Бұл Жаңа Қазақстан құрудың негізгі мәні екені сөзсіз», деді Сенат Төрағасы.


    Сондай-ақ, жиында сенат спикері экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығының өнімділігі мен тиімділігін арттыру, еліміздің барлық өңірінде инфрақұрылымды жаңғырту және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту сияқты стратегиялық межелер бар екеніне де тоқталып өтті.


    Жастардың санасы ашық болуы керек деген Мәулен Әшімбаев, жастарды дұрыс тәрбиелеу ісінде, ең алдымен өскелең ұрпақ арасында дұрыс құндылықтар қалыптастыру керектігін тілге тиек етті.
    Сондай-ақ, жиында жастардың сұрақтары мен ұсыныстары да тыңдалды.


    Жиыннан кейін, Төраға Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенаторлар бірнеше нысанды аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, сенаторлар бұған дейін палатаның тұрақты комитеттеріне Шымкенттегі “AZALA Textile” тоқыма фабрикасының жұмысшыларынан өтініштер келіп түскенін ескеріп, кәсіпорынның қызметімен танысу үшін аталған нысанға арнайы барды. Кәсіпорында болған кездесуде сенаторлар жеңіл өнеркәсіп секторындағы бизнестің негізгі мәселелерін талқылады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.