Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 14 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
    Айғақ MEDIA

    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 14 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.07.2024121 Views

    Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақылдар егіліп, 86 мың тонна өнім жиналады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша биыл 14 жоба жүзеге асырылып, 104 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев мәлімдеді.


    Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекембаев «Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында жарты жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарына есеп берді. Баспасөз брифингінде өткен жиында бірнеше мәселелерге тоқталды. Мәселен, 2024 жылы өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143,2 млн теңге қаржы қаралған.
    Оның ішінде, Тыңайтқыштарға – 122 млн тг;
    Тұқым шаруашылығына – 20 млн тг;
    Пестицидтерге – 600,0 мың тг.
    Жылыжай шаруашылығына – 767,8 млн тг.
    Көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тн. жанар-жағармай бөлініп толығымен үйлестірілді, дейді Талғат Мекембаев.
    Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша биыл 14 жоба жүзеге асырылып, 104 жаңа жұмыс орны ашылады.


    Қала аумағындағы ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, эпизоотиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 596 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жүргізіліп, 29 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 114,0 мың — ірі қара мал, жылқы,уақ малдардан қан сынамалары алынып тексерілді. Сондай-ақ, кенелерге қарсы энзоотиялық іс-шаралар бойынша да біршама жұмыстар атқарылған.
    Ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті, күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі – шегірткеге қарсы күрес жүргізу. Жүрген жерін жайпап кететін бұл жәндік әсіресе оңтүстік өңірінде көптеп таралады. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекембаев шегірткеге қарсы күрес жүргізіп, бірнеше жұмыстар атқарылғанына да тоқталып өтті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.