• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

МӘЖІЛІСМЕНДЕР ОБЛЫСТАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

09.07.2024
0

«Amanat» партиясы фракциясының мүшелері сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан Сауран ауданы, Ораңғай елді мекеніндегі мүмкіндігі шектеулі ересек тұрғындарға арналған орталық құрылысымен танысты. Сонымен қатар, партия қадағалауына алынған «Кентау Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының №5 Жылуэнергоорталығы жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.
Тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыру, инклюзивтік орта құру міндеті – әділдік қағидаттарына негізделген әлеуметтік реформалардың басты шарты. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ұлт саулығын қамтуды қоғамның орнықты дамуының негізгі көрсеткіші деп бағалады. «Amanat» партиясы Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының маңызды тармағы ретінде Сауран ауданы, Ораңғай елді мекеніндегі мүмкіндігі шектеулі ересек тұрғындарға арналған оңалту орталығының құрылысы енгізілген. Партиялық бақылауға алынып, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталу сатысына келіп жеткен нысанның дайындығын көруге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, партиялық фракция өкілдері Қайрат Балабиев, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев, Ұласбек Сәдібеков арнайы келді. Жоба бойынша, орталықта бір мезетте 200 пациент қажетті ем процедураларын алып, оңалту шараларымен қамтылу жоспарланған. Айта кету керек, Түркістан қаласының іргесінде салынған бұл нысан тұрғындардың сапалы арнаулы әлеуметтік қызметтер алуына мүмкіндік жасап, олардың денсаулық ахуалын жақсартуға көмегін тигізу керек болатын. Сондай-ақ нысан құрылысына облыстық және республикалық бюджеттен 2,6 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген. Жоспарға сәйкес Орталық биыл қыркүйекте пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«Amanat» партиясы өзінің саяси тұғырнамасында әрбір азаматтың лайықты медициналық көмекпен және ыңғайлы әлеуметтік ортамен қамтылуын үйлестіру міндетін белгілеген. Бұл бағытта партияның 2023-2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге» Сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау, медицина және халықты әлеуметтік қолдау саласындағы нақтылы индикаторлар белгіленіп, олардың іске асырылуы партия өкілдерінің тұрақты назарына алынған. Мәжіліс депутаттары ғимарат дайындығын бағалау барысында, су процедураларымен ем жүргізуге қажетті бассейннің техникалық жағдайына сын-ескертпелерін айтты. Мұнда суды қалыпты температурада ұстау мәселесі назардан тыс қалғанын ескертіп, бассейннің табаны мен ернеулері керамикалық плиткалармен қапталу керектігіне көңіл бөлді.
Партияның Сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан оңалту орталығы 2019 жылы бітуі тиіс болатын. «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы құрылысымен танысуға келдік»,- деген мәжіліс депутаты, бірқатар кемшіліктерді көріп, ескертпе жасайтынын, бассейні, спорт залы, моншасы дайын емес екендігін, аталған кемшіліктерді тез арада жоюға нұсқау беріліп, әзірге нысанның қабылданбайтынын, әрі орталық құрылысының созылып кеткенін айтты.
Арнайы ғимараттың ашылуын асыға күтіп жүрген ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қатары көп. Соның ішінде Сауран ауданы, Қарашық ауылы, Құмтиін елді мекенінің тұрғыны Жақсыкүл Истамкұлова денсаулық жағдайына байланысты екінші топтағы мүгедек боп танылған. Жылына кемі екі рет дәрігердің қабылдауында болып, оңалту шараларынан өтуге мәжбүр. Бірнеше перзентін дүниеге әкелген ғазиз ана, қажетті емін алу үшін Шымкентке қатынап жүргенін айтады. Енді ұзақ жол жүру қиындығы артта қалып, орталықтың ашылуын күтіп жүрміз дейді. Айта кету керек, бұрыңғы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған арнайы ғимараттар мен орталықтар Шымкент қаласының теңгеріміне өткізілгеннен кейін, жаңадан облыс орталығы болып бекітілген Түркістан қаласында арнайы әлеуметтік орталықтар салу мәселесі өзекті болып айқындалды. Туындаған мәселені шешуде Түркістан облысының бюджеті есебінен жалғызілікті қарияларға, мүгедектігі бар азаматтарға және ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған 7 арнайы әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді және мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Ресми статистика бір ғана Түркістан қаласының өзінде ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың саны 4 мың адамды құрайтынын айтады. Жаңадан салынған арнайы әлеуметтік орталық құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілсе, осы санаттағы азаматтарға барынша қолдау көрсетіп, Түркістан қаласында заманауи инклюзивті орта қалыптасуына жәрдемін көрсетпек.
«Amanat» партиясы қайта құрылымдау жұмыстарын ерекше бақылауында алған тағы бір нысан – «Кентау Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының №5 Жылуэнергоорталығы. Мұнда мәжіліс депутаттары кәсіпорынның 2023-2024 жылдардағы жылу маусымына дайындығы барысындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының атқарылуын қадағалады. Сонымен қоса, облыс әкімі де құрылыс барысын тексеріп, мердігер мекеменің есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берген.
Кентаудағы Жылуэнергоорталығында жыл басынан бері «ЭМ-Холдинг» ЖШС «Қазандықтарды реконструкциялау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Бекітілген кестеге сәйкес №8, №11 қазандықтар бойынша жұмыстардың аяқталуы биылғы 30 тамызға, №9, №10 қазандықтар қыркүйектің екінші онкүндігіне, ал №7, №12 қазандықтардың құрылысын аяқтау 30 қарашаға жоспарланған. Сондай-ақ №5 және №6 қазандықтарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазандықтарда жылу-механикалық бөлік бойынша №8, №11 қазандықтарда жұмыс 95% аяқталған.
Қала тұрғындарын жылумен қамтуды кәсіпорынның 8 жылу қазандықтарын, подстанциясын, 21 шақырым – магистралды және 81 шақырым – ішкі орамдық жылу құбырларын қайта құру жұмыстарын екі кезеңде іске асыру көзделген. 6,6 шақырымға республикалық бюджеттен 4,4 млрд теңге бөлінді деген қала әкімі орталықтың беріктігі мен құламауына арнайы сараптам жүргіздік дейді.
«Былтыр бірнеше қазандықтары істен шығып, Кентау халқын әбігерге салған Жылуэнергоорталығы әрдайым біздің бақылауда»,- деген Қайрат Балабиев тексеру барысында барлық қазандықтарды сапалы жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, жұмыс қарқынын жоғары деп бағалады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!

АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Балалардың жолда жүру қауіпсіздігі – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Себебі соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жазатайым жағдайлар жиілеп...

ПОЛИЦИЯ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ПОЛИЦИЯ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Шымкент қаласының Полиция департаментінде Ішкі істер министрлігі ардагерлерінің күніне орай іс-шара өтті. Шара қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерге...

ЖҰМАГҮЛ СӘУІРБАЕВАНЫҢ ЕСІМІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА ЖАҢҒЫРДЫ

ЖҰМАГҮЛ СӘУІРБАЕВАНЫҢ ЕСІМІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА ЖАҢҒЫРДЫ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Тәшенев университетінің базасында жаңа оқу корпусы ашылды. Білім мен еңбекті ұштастырған Социалистік Еңбек Ері Жұмагүл Сәуірбаеваның есімі енді жас буынға...

КӨК ТУДЫ КӨККЕ КӨТЕРГЕН ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР

КӨК ТУДЫ КӨККЕ КӨТЕРГЕН ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлеттер ел қоржынын толтырды. Ішінде мегаполистің жас өрендері де бар. Әлемдік...

МӘСЕЛЕЛЕР ПАРТИЯНЫҢ НАЗАРЫНДА

АҚЫНҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Шымкентте ақын, сазгер Несібелі Есенбекованың 75 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Мерекелік жиында ақынның жырлары мен әндері орындалып, көрерменнің...

ТЕННИСТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТТІ

ТЕННИСТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.11.2025
0

Үшінші мегаполисте алғаш рет тенистен Қазақстан Кубогы өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген ерлер және әйелдер командалары бас қосып, спорттық додада ең...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.