Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»30 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
    Айғақ MEDIA

    30 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.07.202495 Views

    Түркістан облысына ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен арнайы келді. Ол өңірдегі аудандардағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, осы жобаны жүзеге асыру жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізді. Жиында Ералы Тоғжанов облыс тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығына тікелей байланысты болғандықтан, тек мал шаруашылығына ғана емес, өзге де салаларға да басымдық беру керек екенін айтты. Сондай-ақ, жауапты басқармалар мен ауылдық округ әкімдеріне жобаны талапқа сай іске асыруды тапсырды.      Күні кеше ғана облыс әкімі аппаратында ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, басқармалар мен аудан, қала басшыларымен бірге кеңейтілген мәжіліс өткізді. Мәжілісті жүргізген өңір басшысы «Ауыл аманаты» жобасының облыс үшін маңызы жоғары екенін жеткізді. Сондай-ақ, жиында Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы, ауыл тұрғындарының табысы мен әлеуметтік жағдайларының көтерілуіне ықпалын тигізді. 2023 жылы Республикалық бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 млрд. теңге бөлініп, негізгі 6 бағытты қаржыландыруға басымдылық беріліп, 3256 жоба қаржыландырылған.

         Жобаға пилоттық түрде 64 ауылдық округі қатысты. Жалпы Түркістан облысында “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие былтырдан бастап беріле бастаған. Нәтижесінде 3413 жаңа жұмыс орындары құрылды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 340 адамға қысқартылып, табыс көзі орташа жалақы 20 пайызға ұлғайды, шағын кәсіпкерлер саны 2 544 бірлікке артқан. Осы жобалар есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.


    “Ауыл аманаты” халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін жоба. Дегенмен, қазіргі таңда халықты жұмыспен қамту, ішкі миграциялық мәселелер, тағаммен қамтамасыз ету салалары ақсаңдап тұрғанын жеткізген, премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жауаптыларға осы тұрғыдағы жұмыстарды жүйелендіру керегін айтты.


    Сондай-ақ, мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасын жоғары деңгейде жүзеге асырған Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылдық округінің тәжірибесі көпшілікке баяндалса, ақтөбелік кооперативтің жетістіктері де үлгі ретінде ұсынылды. Айта кетейік, Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы аясында 17 мың несие беру үшін 100 млрд теңге бөлініп, қаражаттың негізгі бөлігі Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстары үшін қарастырылған. Шағын несиені 2,5 пайыздық үстемемен 5 жылға дейін алуға болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.