• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

27.06.2024
0

Түркістанда 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында спартакиада өтті. Журналистер спорттық бәсекеде өзара волейбол, шағын футбол, ләңгі тебу, үстел теннисі және арқан тартудан күш сынасып, жүлделі орындарға таласты.
Сайысты Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Жалпы сайысқа көптеген команда қатысуға ниет білдірген. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары қатысып, БАҚ өкілдеріне сәттілік тіледі.


Спартакиада волейбол мен ләңгі тебуден басталды. Волейболдан «Тұран БАҚ» командасы алға шықты. Ал спартакиадаға биыл қосылған ұлттық ойын – ләңгі тебуден «Turkistan» телеарнасының қызметкері Айдос Игіліков жеңіске жетті. Газет тілшісі Сабыржан Исаметов екінші орынға ие болса, «Баспасөз хатшылары» тобының өрені Төребек Байтасов үшінші орынды олжалады.

Футболдан «Turkistan» телеарнасының жігіттері жеңіп шықты. Ал екінші орынды «Тұран БАҚ», үшінші орынды «Баспасөз хатшылары» командасы иеленді.

Журналистердің ептілігін айқындайтын тағы бір спорт түрі – үстел теннисі. Рысгүл Досжанова «Turkistan» телеарнасының намысын қорғап, 1-ші орынды иемденді. Екінші орынды «Баспасөз хатшылары» командасының өкілі Фариза Табылдиева еншіледі.
Осылайша бір күнге созылған дүбірлі дода нәтижесінде топтық есепте бірінші орынды 102 ұпаймен «Turkistan» телеарнасының ұжымы иеленді. Екінші орынға 79 ұпаймен «Баспасөз хатшылары» жайғасты. Ал қола жүлделі үшінші орын «Тұран БАҚ» командасына бұйырды. Шара соңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев жеңімпаз командалар мен үздік өнер көрсеткен спортшы-журналистерді марапаттады. Әр сайыстың жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар, ал үздік ойын көрсеткен ақпарат саласының қызметкерлеріне түрлі номинациялар табысталды.

Previous Post

ҚАЗАҚСТАНДА 1,8 МЛН ГА АСТАМ АУМАҚ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕЛДІ

Next Post

АУЫЛДАН АРМАНҒА

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.