Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚАЗАҚСТАНДА БОСАНДЫРУҒА ЖӘНЕ ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ КҮТІМ ЖАСАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҰЛҒАЙДЫ
    Айғақ MEDIA

    ҚАЗАҚСТАНДА БОСАНДЫРУҒА ЖӘНЕ ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ КҮТІМ ЖАСАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҰЛҒАЙДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.06.2024119 Views

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі перзентханаларда медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында босандыру және неонатология саласында қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді қайта қарады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    Сонымен, 1 маусымнан бастап кесарь тілігін қоса алғанда, күрделі босануға арналған тарифтер 60%-ға, ал жаңа туған нәрестелерге күтім жасау — 35%-ға ұлғайды. Бұл медициналық қызметтердің тізбесі мен сапасын кеңейтуге және білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

    Соңғы жылдары тарифтер медициналық ұйымдардың босанатын әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге күтім жасауға байланысты шығыстарын өтемеді. Босандырумен айналысатын медициналық ұйымдарды жеткіліксіз қаржыландыру олардың соңғы бірнеше жылдың ішінде қалыптасқан кредиторлық берешегінің негізгі себептерінің біріне айналды.

    Тарифтерді қайта есептеу кезінде медициналық мекемелердің пациенттерге қызмет көрсету кезінде көтеретін нақты шығындары ескерілді. Қабылданған шаралар медициналық ұйымдарға қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде халық үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартады. Ал перзентханаларда болу ана мен бала үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болады.

    Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы әрбір отбасы қолжетімді және сапалы медициналық көмекке сене алатындай денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді жалғастырады. Осы мақсатта 2024 жылғы 1 маусымнан бастап балалар неврологиясы, балалар аллергологиясы, ревматология бойынша медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін тарифтердің мөлшері ұлғайтылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.